Каржы сауда лексикасы соңғы
98 ТҮРКІ ҚАРЖЫ-САУДА ЛЕКСИКАСЫ «Оғыздар мен қыпшақтар сөз басында «й» дыбысы кездесетін зат есімдер мен етістіктердің алғашқы әріптерін «ж» дыбысына айналдырған. Түркілер йинжү деп айтайтын нәрсені бұлар жинжү деп атайды. Түркілер түйенің жүніне йуғду десе, оғыздар мен қыпшақтар жугду дейді» (DLT 26/12) (Ercilasun, Akkoyunlu 2015: 12). Хорезм, Алтынорда дәуірі жәдігері Ортаазиялық тәпсірде йинджү «інжу» (Боровков 1963: 154). Қыпшақ жазбаларында инчү деген формада қолданыла бастаған, мысалы: Қыпшақ мұрасы Кодекс куманикуста инчү «інжу» (Gronbech 1992: 83) Қазіргі түркі тілдеріне келсек, барлығында жуық бар, бірақ түрлі-түрлі фонетикалық варианттарында жұмсалады, бірақ ең кең таралғаны ‒ сөз басындағы «й/ж» дыбысының түсіріліп айтылатын нұсқасы (инжи). Татар т. энже «інжу»: Энже бөртеге зур булмый (мәтел) «Жемчужина не бывает большой» (ТатРС 1141); башқұрт т. ынйы «сол мағ.» (БТҺ II 695); құмық т. инжи «сол мағ.» (КумРС 130); қарашай-балқар т. инджи «сол мағ.» (РКБС 162); қарайым т. инжи «сол мағ.» (КРПС 202); қырым татар т. инджи «сол мағ.» (КТРС 82); қарақалпақ т. хинжи «сол мағ.» (КкРС 714); ноғай т. ынжы «сол мағ.» (НРС 427); қырғыз т. инжу «сол мағ.» (КРС I 301). Өзбек т. инжу «інжу» (УТИЛ II 328); ұйғыр т. үнже , «сол мағ.» (YUTS 445). Түрік т. inci «інжу» (ТурРС 453); әзербайжан т. инчи (АзРС 149); әзербайжан т. диал. инжи «сол мағ.» (ADDL 234); түрікмен т. хүнжи «моншақ, моншақшық (бисер)» (ТРС 708). Алтай т. динжи (йинжи) «моншақ (бисер), інжу» (АлтРС 204); тува т. чинчи «сол мағ.» (ТувРС 534); сары ұйғыр т. унджо «сол мағ.» (Малов 1957: 130); хакас т. чімчүк (HTS 42). Чуваш т. енче «інжу» (Федотов I 1996: 155); якут т. чөмчүүк «сол мағ.» (ЯРС 513). Моңғол т. енчү ( Doerfer V 529). Фасмер орыс тіліндегі жемчуг сөзі көне чуваш (волж. булг) тілінен ерте заманда алынған түбі түркі сөзі деп есептейді (ЭСРЯ II 48).
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy ODEzMg==