Каржы сауда лексикасы соңғы
97 ТҮРКІ ҚАРЖЫ-САУДА ЛЕКСИКАСЫ Жоғарыда деректерден бөлек тек кейбір тілдерде оның өзінде күрделі сөзде құрамында я болмаса диалектілерінде қазақ тілін дегідей «тиын ақша» көне мағынасында сақталғаны да кездеседі, мәселен: Қырғыз т. тиын-бакыр «тиын ақша, мыс тиын» (KРС I 102); қарақалпақ т. бақыр тийын «бақыр тиын, мыс ақша» (КкРС 81); башқұрт т. бақыр «бақырдан соғылып жасалған тиын ақша» (БТҺ I 110); қарашай-балқар т. бағыр ачха «мыс ақша» (РКБС 267); қырым татар т. жез-бақыр ақча «мыс тиын, тиын ақша» (KTРС 344). Өзбек т. диал. пақир «тиын ақша» (УРС 340). Түрік т. bakır akçe/bakır para «мыс ақша» (ТурРС 91); түрікмен т. диал. пақыр «ұсақ ақша, ұсақ мыс тиын» (ТДӘД 227). Чуваш т. пахар уқча «мыс тиын ақша» (ЧувРС 278). Рясянен бақырды парсы тіліндегі баһыр сөзімен байланысты көреді, яғни оны кірме сөздердің қатарына жатқызады. Ал Рамстедт қалмақ тіліндегі бәкир «кішкене қазан» сөзін тюркизм деп атап көрсетіп, оның моңғол тілдерінде қолданылуынан оның иранизм екеніне күмәнмен қараған. Севортян бастаған ғалымдар дайындағанЭтимологиялық сөздікте бақыр сөзінің бақ-/бағ- етістігіне «ыр» жұрнағының жалғануы арқылы жасалғаны алға тартылады, дәлел ретінде қарашай-малқар тіліндегі бақ - «кең байыту, балқыту» етістігі көрсетілген. Бақыр сөзі Шығыс Еуропадағы тілдерге де түркі тілдерінен өткені байқалады, мысалы: болгар т. бакер «мыс», бакрач «бақыраш»; серб т. бакар «мыс», бакра «бақыраш», албан т. бакер «мыс», паграч «бақыраш» тілдеріне де кіргені анықталды (ЭСТЯ ІІ 46). Інжу «інжу, бағалы тас»: Інжу сөзі ең көне дәуірлерден бері йенчу/йинчу/жинчу деген тұлғаларда қолданылып келеді: Күлтегін ескерткішінде Йенчу өкүз атауы «Сырдария» топонимі болып қолданылған (Tekin 1998: 115) Көне ұйғыр жазулы ескерткіштерінде йинчу «інжу» (EUTS 297). Махмұд Қашғаридың «Диуани лұғат ат-түрк» атты құнды жәдігерінде йинчү/жинчу «інжу» (ДТС 256). Бұл ескерткіште сөз басында кездесетін /й-/ ~ /ж-/ дыбыстары туралы мағлұмат берілгенде оғыздар мен қыпшақтардың йунчу сөзін жинчу деп айтатыны жазылған:
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy ODEzMg==