Каржы сауда лексикасы соңғы
99 ТҮРКІ ҚАРЖЫ-САУДА ЛЕКСИКАСЫ Огиенко көне түркі дәуірінен бұрынғы дәуірде қолданылған женчюг деген тұлғадан келген тюркизм деп анықтаса, Ушаков көне түркі йенчу сөзімен байланыстырады. Корш болса, «Происхождение слова жемчуг от тур. jenchu и далее от новокитайского дженджу (собств. «драгоценность» или «драгоценный+жемчуг», что по-древнему просто джу) едва ли может подлежать спору» деп айтады (Шипова 1976: 136). Мажар т. гионги «інжу» (Мажар ғалымы Гомбодж көне чуваш тілінен (жинжү) кірген деп анықтаған) (Федотов I 1996: 155) Недим Туна көне түркі йинчу сөзіншумершедегі нузун тұлғасымен салыстырып, бұларды бір-бірімен байланысты көреді (Tuna 1990: 9). Інжу сөзін Клаусон, Дерфер, Егоров, т.б. ғалымдар қытай тілінен (женчу/чончу) ауысқан деп анықтаған (Clauson 1972: 944; Doerfer 1975: 529; Егоров 1964: 65). Инайет болса қытайша женжу сөзін де тюркизм деп тұ жырымдайды: «Інжудің қытайша тұлғасы жен жу . Мұндағы алғашқы жен сөзі көне қытайша тшин/тчин «нағыз, шын, саф» мағынасында болса, жу «інжу» дегенді білдіреді. Бұл женжу сөзі қытай тілінің кірме сөздер сөздігінде тюркизм деп анықталған. Менің ойымша бұл сөз қытайшаға екі жолмен кірген: 1) Қытайлар түркінің инжи < инчү < йинчү сөзін бөліп, тек чү формасын алған, кейінірек «нағыз» мағынасындағы жен сөзін қосып, өз тілдеріне сай өзгерткен; 2) Орыс тіліне жемчуг деген «ж»-лы нұсқада өткендей түркідегі й ~ ж ауысуынан туындаған жинчү тұлғасында кірген» (İnayet 1999: 194). Жібек «Жібек құрты ораған жіп, сол жіптен жасалган жылтыр мата, жібек матасы, қымбат мата түрі»: Түбі жіп сөзі деп тұжырымдалған (Вамбери, Рясянен, Ерен, Лигети) (ЭСТЯ IV 270) жібек сөзі көне және қарахан дәуірі түркі жазба жәдігерлерінде кездеспейді. Тек ортағасыр жазбаларында ұшырасады: Хорезм, Алтын орда дәуірі жазба мұраларынан Ортаазиялық тәпсір кітабында йипaк «жібек» (Боровков 1963: 154) Қыпшақ ескерткіші Кодекс куманикуста йипек/ипек «жібек» (Gronbech 1992: 84).
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy ODEzMg==