Каржы сауда лексикасы соңғы
100 ТҮРКІ ҚАРЖЫ-САУДА ЛЕКСИКАСЫ Мәмлүк қыпшақ мұрасы Китабу межмуада йіпек «жібек» (Құрысжанов 1970: 129). Шағатай жазбаларында ипак «сол мағ.» (Будагов I 176). Қазіргі түркі тілдерінде хакас тілінен бөлек барлығында «жібек, жібек жібі» мағыналарында жұмсалуда. Қыпшақ, қарлұқ және оғыз тілдерінде кең таралса да, сібір түркілерінде ұшыраса бермейді: Қарайым т. ипэк/ипяк «жібек» (КРПС 205); құмық т. йибек «сол мағ.» (КумРС 135); қарашай-балқар т. джибек «сол мағ.» (РКБС 712); татар т. ефәк «сол мағ.» (ТатРС 237); башқұрт т. ебәк «сол мағ.» (БТҺ I 306); қырғыз т. джибек : Джибекти туталбаған джүн қылат, қатынды күте албаған күң қылат «Жібекті ұстай алмаған жүн қылар, қатынды күте алмаған күң қылар» (КРС I 253); қарақалпақ т. жипек «жібек» (КкРС 252). Өзбек т. ипак «жібек» (УРС 185); ұйғыр т. ипек «сол мағ.» (YUTS 177). Түрікмен т. йүпек «жібек»: Йүпегиң учлу болсун «Жібегің ұшты болсын (табысты бол, ісіңе сәттілік)» (ТРС 373); гагауз т. ипек «жібек» (ГРМС 204); түрік т. ipek «сол мағ.» (ТурРС 461); әзербайжан т. ипәк «сол мағ.» (АзРС 149). Алтай т. дибек «толстая нитка или аркан из конской гривы» (АлтРС 203); хакас т. чібек «шелковая нить» (ХРС 318). Торқа «қымбат бағалы селдір, жібек мата». Қазақ тілінде бұл сөз ауыспалы мағыналарға да ие болып, көбіне мақал-мәтелдер мен тұрақты тіркестерде айтылады: Торқалы (ауысп.) «қымбат бағалы». Торқалы той 13 «салтанатты үлкен той-думан» (ҚТТС 812). Тоғыз қабат торқадан тоқтышағымның терісі артық Ағайынның ұрысы — торқаның жыртысы (Кейкін 2002: 62). Тойға барсаң тойып бар, торқа тоның киіп бар (БС 66: 280). Шығыс говорында қос сөз құрамында «қымбат киім; тон» мағыналарында жұмсалады: Торғын-торқа (Шығ. Қаз., Больш.; Тау., Қош.) «киім-кешек, тон»: Ол торғын-торқасын киіп қайда барады? (Шығ. Қаз.) (ҚТАС 672). Торқаның торқын деген фонетикалық нұсқасы да бір мақалда айтылады: Тоғыз қабат торқыннан тоқтышағымның терісі артық (Мәтел) (ҚТАС 672). 13 Торқалы той, топырақты өлім деп те айтылады.
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy ODEzMg==