Каржы сауда лексикасы соңғы

101 ТҮРКІ ҚАРЖЫ-САУДА ЛЕКСИКАСЫ Торқа сөзі ең алғаш көне ұйғыр жазулы ескерткіштерінде қолданылған: торқу «жібек» (EUTS 247). Қарахан дәуірі мұраларында жиі жұмсалған, мысалы: Диуани лұғатит түркте торқу «жібек, торқа»: Тауғач ханның торқусы телим теңлемегип бычмас (мақал) «Табғаш ханның торқасы көп болса да өлшеп кесер (ысырап етпес)» (DLT 215/185) (Ercilasun, Akkoyunlu 2015: 185). Құтты білікте торқу «жібек»: Йағыз йер, йашыл торқу йүзе бады «Қара жер жүзіне жасыл жібек шықты» (Arat 1985: 17). Қазіргі түркі-моңғол тілдерінде «жібек мата» деген мағынасында қолданылып, қазақ тіліндегідей мақал-мәтел, тіркестерде де кездеседі: Башқұрт т. турқа «жібек түрі»: Туйға барһаң, туйып бар, турқа туның кейип бар 14 «Тойға барсаң, тойып бар, торқа тоның киіп бар» (БТҺ II 416); ноғай т. торқа «жібектің ең қымбат түрі; еркелету сөзі, аяулым, қарағым»: Тоғыз қабат торқадан, тоқлышақтың териси артық (НРС 358); қарақалпақ т. торқа «волокна джута, конопли» (КкРС 649); қырғыз т. торко «жібек матасының түрі»: Топурағың торко, жатқаң жериң жайлуу болсун (КРС II 254); құмық т. торқа «ерке» (КумРС 306). Хакаст. торғы «жібек»: Жатханчириңчағлығползын, чабынғаның торғы ползын (тілек) «Жатқан жерің жұмсақ болсын, жамылғаның жібек болсын» (ХРС 233); тува т. торгу «жібек»; торгу тон «жібек шапан» (ТувРС 417); cары ұйғыр т. торқа «түйме» (Малов 1957: 122); aлтай т. торко «жібек» (АРС 691). Якут т. торһо (уст.) «старйнная синяя или зелёная ткань (ЯРС 391). Моңғол тілінде торған «жібек» (Lessing 1960: 826); Халка т. торго (н), бурят торгон , қалмақ т. торhн ; дағай т. торго (торог), мангуор т. торһу «жібек» (ЭСМЯ III 174). Клаусон сөздің түсіндірмесін «silk fabric (жібек мата)» деп айтып, оны түркі тілдеріне ерте дәуірлерде моңғол, парсы тілдерінен ауысқан болуы мүмкін деп жорамалдайды. Дерфер торғу деп көрсеткен сөзін түркіден моңғолға өткенін, кейінгі дәуірлерде моңғол тілінен түркі тілдеріне қайта кіргенін алға тартады (Doerfer 1965: 478). 14 Татар тілінде: Туйга барсаң, туеп бар (ТатРС 920).

RkJQdWJsaXNoZXIy ODEzMg==