Каржы сауда лексикасы соңғы
102 ТҮРКІ ҚАРЖЫ-САУДА ЛЕКСИКАСЫ ҚАЗАҚ ҚЫЗ ЕСІМДЕРІ ЖӘНЕ БАҒАЛЫ ЗАТ АТАУЛАРЫ Қазақ дүниетанымының әсемдік талғамын суреттейтін, әсіресе қыз, әйел есімдері болады, осындай халықтың эстетикалық талғамын көрсететін антропонимдердің тізіміне төмендегі құнды метал атауларымен байланысты есімдерді жатқызамыз. Қазақ халқы өз қыздарын барлығынан асыл деп бағалаған, баға жетпес деп аялаған. Сондықтан нәзік жандарға «бағалы» мағынасындағы ең көркем есімдерді берген. Қазақ қыз есімдерінің негізі «асыл, баға жетпес, аса құнды, тым бағалы» деген ұғымдармен байланысты болатыны бірінші кезекте осыдан болуы керек. Қазақта қыз баланың қаншалықты «бағалы» екенін оларға ең құнды әрі қаржы-сауда тұрғысынан маңызы орасан зор зат атауларына қатысты есім қойғанынан байқаймыз. Әсіресе, нәзік жандылардың арасында асыл тастардың, құнды пайдалы қазбалардың, сирек мата немесе жібек түрлері және таптырмас тері атауларына қатысты есімдердің жиі қойылатынын көреміз. Солардың ішінде Гaуһap (Жауһар), Iнжу, Aлмacгүл, Aлтын (Ақалтын, Алтынай, Алтынгүл, Алтынбике, Алтыншаш, Алтынқыз), Мapжaн (Ақмаржан), Асылтас, Мeруepт, Kүмic (Айкүміс, Ақкүміс, Күмісай, Күмісбике, Жанкүміс), Зaринa, Зeрe, Лaғыл, Фиpузa, Canуpa, Зүбәpжaт, Mәpмapa cекілді есімдер бағалы қазба байлық немесе кенмен байланысты саналады. Жiбeк (Ақжібек), Topғын, Topқа, Бapшын, Бapшa, Maқпaл, Macаты, Шұғa, Қaмқa, Қaтиnа, Қыpмызы, Дүpия, Пaтcaйы (Батсайы), Бәтec, Ақұштап сияқты қыз аттары бағалы мата атауларына қатысты есімдер тобына кіреді. Kәмшaт, Құндыз, Жaнaт, Үкiжaн есімдерін тері немесе жануар аттарына байланысты есімдерге жатқызуға болады. Ақша-валюта атауларымен байланысты есімдерге Динapa, Дiлдa, Maнaт, Ақтеңге/ Теңгегүл аттарын жатқыза аламыз. Тарауда сауда-саттыққа қатысты заттар немесе бағалы зат атауларына байланысты есімдердің Қазақстанда және түркі тілдес елдерде қойылуы немесе таралуы бойынша қысқаша статистикалық деректер келтіріледі. Аталған есімдердің шығу төркіні көне түркі әрі қазіргі түркі тілдері деректері және көрші, туыстас емес тілдердің сөздіктерін пайдалану негізінде
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy ODEzMg==