Каржы сауда лексикасы соңғы

103 ТҮРКІ ҚАРЖЫ-САУДА ЛЕКСИКАСЫ анықталады. Сондай-ақ ақша, тері, мата, метал, кен атауларына қатысты есімдердің тізімі жасалып, олардың этимологиясы ұсынылады. Қазақ есімін қандайын алса да түбі аса қымбат дегенді білдіреді немесе бағалы затқа теңеліп қойылады. Соған қарап бабаларымыз қыздарымызға ең құнды қазба байлық, ең бағалы материалдардың атымен байланысты есімдерді көп қойғандығы аңғарылады. Екінші жағынан, қыз балалар ер балаларға қарағанда тіл-көзден ада болады деген сеніммен оларға ең әдемі әрі нәзік есімдер қоюға тырысқан, соның ішінде бағалы зат атаулары да бар. Есімдердің бірнеше себептерден, соның ішінде бағалы зат атауларымен қойылатынын ономаст ғалым Т. Жанұзақов ескерткен. Тілтанушы көне түркі дәуіріне тән антропонимдер жөнінде: «Бұл дәуірде үй хайуандары мен жабайы аңдардың, табиғат атаулары мен өсімдіктердің және қымбат металдардың атаулары кісі аты ретінде қойылып отырған», дейді (Жанұзақов 1965: 27). Қазақ қыздарының аттары көбінесе сауда-экономикалық маңызы бар атаулармен байланысты екені шындық. Сондықтан қыз­ дарымыздың арасынан асыл тас, ақша, мата немесе жібек, тіпті тері атауларына қатысты есімдерді жиі кездестіруге болады. Оның бәрі «қыз баланың бір отбасы үшін аса қымбат» екенін білдіреді, екіншіден, сол асыл тастар секілді «таза, мөлдір, нағыз, шынайы» болсын деген мән бар, үшіншіден «ешкімде жоқ сирек, таптырмас» деген мағынада, төртіншіден «асқан сұлу, ару» деп түсінуге болады, бесіншіден «өмірі байлыққа толсын, әрқашан қымбат әшекей тағып, жарқырап, жайнап жүрсін» деген сеніммен қояды немесе жібек секілді «нәзік» болсын деп сол аттар таңдалады. Осы себептен қазақ қыз бала есімдерін қаржы-экономикалық тұрғыдан қымбат та бағалы заттарға қатысты бірнеше топқа бөліп қарастырамыз. Aлтын (Алтынай, Алтынқыз, Алтынзер), Iнжу, Kүмic (Күмісжан, Ақкүміс), Moншaқ (Ақмоншақ), Acылтac, Қaзынa, Гaуһap, Зapинa, Зape, Aйзeрe, Зирузa, Мapжaн, Мeруepт, Зухра, Лaғыл, Дүрия, Фиpузa, Caпуpa, Aлмacгүл, Зүбәpжaт, Mәрмapa секілді есімдер бағалы «Қазба байлық, кен мен асыл тастарға қатысты аттар» тобына жатқызылады. Бір қызығы, қыз бала аттары ретінде осындай нәзік әрі қымбат табиғат байлықтары таңдалатын болса, ұл балалардың есімі олардың

RkJQdWJsaXNoZXIy ODEzMg==