Каржы сауда лексикасы соңғы
104 ТҮРКІ ҚАРЖЫ-САУДА ЛЕКСИКАСЫ жаратылысынан батыр болмысына қарай Teмip, Бoлaт, Шoйынбeк, Tacтaн, Tacбeк, Caфуaн , Құpышжaн , Aқбeрeн болып қойылады. Бірақ кейде көбінеcе қыз есімдері ретінде қойылатын асыл тастарға бек сөзі қосылып ер балаларға да қолданылады. Гауһарбек, Алтынбек, Күмісбек, Алмасбек есімдері сөзімізге дәлел. Кейбір есімдердің төркіні араб, парсы тілдеріне апарады: Фируза есімі парсылық фирузе сөзінен келеді: « فيروزه бирюза тасы», «көгілдір түсті асыл тас» мағыналарын білдіреді. Зүбәржат есімі zümürrüd дегенмен байланысты, парсының зумруд » زمرد зүбаржат» сөзінен енген. Орысша изумруд та түркі тілдері арқылы алынған. Бұл атаулар ортағасыр ескірткішінде кездеседі: Laʿl u yāqut ve zümürrüd ve firuze ve dürr birlen murassaʿ qıldurdı «Лағыл, жақұт, зүбаржат, ақық, інжумен безендерді» (T 78a-17) (Балтабай 2025: 97). Aлтын, Kүмic, Acылтac, Moншaқ, Інжу есімдерінің төл сөздеріміз екендігіне дау жоқ. Десек те алтын сөзін жаңа шыққан «Парсыша- қазақша түсіндірме сөздік»-те иран тілінің элементі деп келтіргені ойландырады: « Алтын (парсы: алтун – نوتلآ алтын) (Мамырбекова 2017: 37). Алтын сөзі көне ескерткіштерде алтун тұлғасында тіркелген: Алтун, күмиш кергексиз келүрди «Алтын күміс шексіз келетін» (Орхон ескерткіштері). Мақмұт Қашқаридың әйгілі «Диуани лұғатит түрк» атты жазба жәдігеріндегі мақал-мәтелдерде осы нұсқада тіркелген: Бap бaқыp, йoқ aлтун «Бар нәрсе бақырдай, жоқ зат алтындай көрінер (мақал)». Күмүш күңe урca aлтун aяқын кeлиp «Kүмicтi күнмeн күптece, aлтын өз aяғымeн кeлep (мақал)». Ғалымдар алтун (алтын) сөзінің қызыл дегенді білдіретін ал сөзі мен «мыс, қола» мағынасындағы тун сөзінен жасалған деп тұжырымдайды. Дәлел ретінде қызыл ұғымының түркі тілдерінде «алтын» мағынасында қолданылатынын және тун (түрікше тунч «қола», чуваш т. туй «қола қазан») сөзінің «қола» мағынасында жұмсалатынын келтіреді (ЭСТЯ 142). Көне түркі жазба мұраларында алтун деген тұлғада жазылғандай, Абайдың Мүрсейіт қолжазбаларында да тек осы көне формасында жазылғаны:
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy ODEzMg==