Каржы сауда лексикасы соңғы
105 ТҮРКІ ҚАРЖЫ-САУДА ЛЕКСИКАСЫ « Алтұн көрсе феріште жолдан шығады дейді. Феріштеден садақа кеткір-ай, феріште алтұнды не қылсын, өзінің көрсеқызар сұмдұғұн қостағалы айтқаны» (Петек 2020: 48). Абайдың 1909 жылғы Петербор баспасынан шыққан алғашқы өлеңдер жинағында да « алтұн » дегендей көнеше тіркелген: «Көңлім менің қараңғы / Бол, бол, ақын Алтұнды домбыраңмен келші жақын» (Абай 1909, 78). Т.Жанұзақ алтын сөзі ертеде түркі халықтарында батырлар дың, хандардың аты ретінде қолданылғанын айтып, Алтын Айра: батырдың аты. Алтын арығ Алтын ханның қызы, Алтын Тана есімдерін мысал ретінде келтіреді. Мұндай атттардың көне екенін де ескертеді: Алтын, Күміс, Гауһар тәріздес қымбат металдар мен тастарға байланысты аттар өте ертеден келе жатқан есімдер. Қазіргі тіліміздегі кездесетін қыз, әйел аттары Алтын деген түбір тұлғада келеді. Туынды тұлғада жасалған Алтынай, Алтынхан сияқты аттар сирегірек кездеседі. Ал Ханалтын, Айалтын сияқты формада көп кездеспейді. Ер аттары үнемі туынды тұлғада (Алтынбек, Алтынбай, Алтынжан) қолданылады (Жанұзақов 2006: 147). Қазақ есімдері арасында кеңірек таралған Зарина мен Зере аттары парсы тіліндегі «алтын» дегенді білдіретін зер ( зергер – сөзбе-сөз «алтыншы») сөзінен шыққан. Заринна тұлғасының араб тілінде «алтынды, алтынды зер» дегенді білдіретіні айтылады (Жанұзақ 2007: 362). Қазақ қыздары арасында Айзере деген нұсқасы соңғы кездері кеңінен тарала бастады. Осы жылдары жиі қойылатын топ 10 есім қатарында Айзере бар. Зер сөзінің «алтын» мағынасы Алтынзер есімінде де сақталған. Інжу атауы сөздіктерде араб немесе парсы тілінен енген деп берілгенімен ол көне йинчу/жинжү (тіпті орыс тілінк жемчуг болып кірген) сөзі екені шүбәсіз, ал онымен мағына жағынан жақын Меруерт, Маржан, Гауһар аттары араб-парсыдан кірген элементтер саналады. Бұлар парсы тілінде мәрварид , мәрджан және гоуһар түрінде айтылады. Парсы тілінен енген Гауһар деген сөз қыздарға, жалпы әйел адамға қойылады. Парсы тіліндегі мағынасы қымбат бағалы тас. «Г» әрпі «Ж» дыбысына ауысып, араб тілінде жауһар болып айтылады. Осылайша жауһар деген нұсқасы арабша болса
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy ODEzMg==