Каржы сауда лексикасы соңғы
106 ТҮРКІ ҚАРЖЫ-САУДА ЛЕКСИКАСЫ Гауһар парсы варианты саналады. Осы екі нұсқаны да қазақ тіліндегі әйел аттарынан кездестіреміз: Гауһар Мәнекеева, Жауһар Күленова (Жанұзақ 2006: 150). Інжу секілді асыл тасты арабта жұман деп айтылып, ол ер адам есімі ретінде Жұман болып қойылады (Жанұзақ 2006: 152). Інжу сөзі моңғолша жинжүү «інжу, моншақ», қытайша zhēn-zhū , мажар тілінде gyöngy болып сақталған. Тіпті қытайша сөздікте оның тюркизм екендігі жазылған (Іnayet 1999: 193). Осыған қарап інжу біздің сөздіктерде «парсы» деп көрсетілгендей, қалай ирандық сөз болады деген ой туады, негізінен керісінше түркіден парсыға өткен «берілген сөз (кірме емес)» болса керек. Иран тілдеріндегі ортақ сөздердің барлығы парсынікі емес, көне түркі, тіпті прототүркі дәуірінде сол тілге өткен төл лексикамыз деп санаймыз. Ал біздің өңірлерде кездеспейтін атаулар (аса бағалы емес метал аттарынан бөлек) оңтүстіктегі тілдерден алынғаны жасырын емес, өйткені олардың көбі солтүстіктегі түркі далаларында кездесе қоймайды, мәселен фируза араб тілінде сәндеуге арналған көк тас, орыс тіліне түркілер арқылы бирюза (бирюзовый) боп кірген, Анадолыда туркуаз делінеді. Зүбаржат та солай арабтікі, зүмрүт және парсыдағы зүмерред , орыс тіліне изумруд түрінде кірген. Лағыл араб-парсы тілінен «қызыл асыл тас» (рубин) дегенді білдіреді. Ал Сафира дегеніміз арабтағы саффир (орысшасы: сапфир ) сөзінен шыққан. Осындағы кейбір праб-парсы сөздерінің төркіні жөнінде Л. Рүстемовтің сөздігі пайдаланылды. Бұлардың барлығы Феруза, Зүбаржат, Сапура есімдері болып қазақта қойылады. Араб, парсы, түркі сөздерінен бөлек моңғолша бағалы зат атауларының кісі есімі ретінде қойылатыны байқалады, сондай есімдер қатарына Тана жатады: «Тана моңғолша меруерт, Алтын Тана қыз атында сақталған. Алтын Тана Алтын ханның қызы. Качин тілінде Күміс Тана қыз аты, Чадой мерген батырдың қызы. Тарғын батыр жырында Тана деген ат кездеседі. Ер есімдері ретінде Танабай, Танабек болып айтылады» (Жанұзақ 2006: 158). «Сирек мата, қымбат жібек атауларымен байланысты есімдерге» Жiбeк, Toрғын, Topқa, Бapшын, Бapшa (Баршагүл, Айбарша), Шұғa Мaқпaл, Macaты, Қaмқa, Қaтиna, Құлпыp, Қыpмызы, Дүpия , Пaтcaйы , Aқбәтеc (Бәтес), Ақұштап сияқты әйел аттарын жатқыза
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy ODEzMg==