Каржы сауда лексикасы соңғы

107 ТҮРКІ ҚАРЖЫ-САУДА ЛЕКСИКАСЫ аламыз. Сирек мата атауларының ішінде баршын, барша, торғын, торқа, жібек төл сөздері көне түркі жазба ескерткіштерінен бері кездеседі. Мысалы, баршын жібек аты Махмұд Қашқари сөздігі мен ескі жазба ескерткіштерінде бар, бapчын «жiбeк мaтa»: Түрлүк чечек йазылды / Барчын йадым керилди / Учмақ йери көрүлди / Тумлуг йана келгүсүз (Ercilasun, Akkoyunlu 2015: 574). «Түрлі шешек ашылды, баршын кілем жайылды. Жұмақ жері көрінді, ызғар тағы келмейді». Ал қазақ тілінде баршын «жолақты жібек мата, түрлі түсте құлпырып тұратын қымбат жібек» атауы көбінде Гүлбаршын есімінде айтылады. Қазақ, қарақалпақ халықтарының Алпамыс батыр нұсқаларында Гүлбаршын және Күлбаршын формасында кездеседі. Түркі тілдерінің көбінде кісі аттары және жеке сөз ретінде жұмсалады. Чуваш тілінде пурсан «жібек» (ЧРС 375). Башқұрт тілінде Баршынһылу «Баршынсұлу». Өзбекше Айбаршин (Жанұзақов 2006: 149). Барша қымбат мата атауы да осы « баршын»-мен төркіндес сөз. Қазіргі кезде барша ұғымы Айбарша, Баршагүл аттарында сақталған. Орыс тілінде ол парча болып айтылады. Торқа және Торғын деп аталатын жібек түрлері – түбірлес сөздер, торқа – түркі тілдеріндегі нұсқасы болса, торғын – моңғолша варианты. Диуани лұғатит түрк ескерткішінде торқу тұлғасында тіркелген: Торқу «бағалы Қытай жібегі»: Тауғач ханның ханның торқусы телим теңлемегип бычмас «Қытай патшасының жібегі қанша көп болса да өлшеп кеседі (ысырап етпейді)» (Ercilasun, Akkoyunlu 2015: 215). Қазіргі түркі тілдерінде торқу жібектің бір түріне жатады, онда да қазақ тіліндегідей мақал-мәтел мен тұрақты тіркестер құрамында айтылады: Башқұрт т. Туйғa бaрһaң, туйыn бaa, mуpқa mуның кeйиn бap «Toйғa бapcaң, тoйып бap, тopқа тoның киiп бap». Ноғай т. Тоғыз қабат торқадан, тоқлышақтың териси артық «Тоғыз қабат торқадан тоқтышақтың терісі артық».

RkJQdWJsaXNoZXIy ODEzMg==