Каржы сауда лексикасы соңғы

108 ТҮРКІ ҚАРЖЫ-САУДА ЛЕКСИКАСЫ Қырғыз т. Топурағы торко, жатқаң жери жайлуу болсун «Топырағы торқа болсын». Хакас т. Жатхан чириң чағлығ ползын, чабынғаның торғы ползын (тілек) «Жатқан жерің майдай жұмсақ болсын, жамылғаның торқа болсын». Құмық тілінде торқа сөзі «ерке» мағынасына ауысса, ноғай тілінде торқам дегендей біздегі «айналайын» мәніне ие болды. Моңғол тілдерінде біздегі торқа сөзі торған/торгон нұс­ қаларында айтылады. Соған қарағанда қазақ тіліндегі торғын формасы торқа сөзінің моңғолша нұсқасы болуы ғажап емес. Қазақ говорларында торғын-торқа қос сөзі болып қолданылуы, екеуінің бір түбірден өрбіген вариант сөздер екенінің дәлелі. Қыз есімдеріне келсек Торқа атына қарағанда Торғын есімі көбірек қойылады. Абай мен Шәкәрім шығармаларында торғын сөзі жиі кездеседі: Cөйлeсe, cөзi әдeптi әм мaғнaлы / Күлкiсi бeйнe бұлбұл құc caйpaйды. Жұп-жұмыp, ақ тopғындaй мoйыны бap / Үлбiрeгeн тaмaғын күн шaлмaйды (Абай 70). Мәжнүндi тaлып жaтқaн тұрды күтiп / Бeтiне тoрғын шәлiн жaбa caлып. Тұрa aлмaй aшық жaры қaлды eсi aуып / Ләйләнi дaяшы қыз aлғaн тaуып (Шәкәрім, 386). Вамбери, Рясянен, Лигети бастаған ғалымдар тарапынан түбі жіп сөзінен шыққан деп тұжырымдалған (ЭСТЯ 270) жібек сөзі ортағасыр жазба мұраларында йипак/ипек нұсқаларында кездеседі: Қазіргі түркі тілдерінде жібек сөзі барлығында дерлік қолда­ нылады, бірақ екі түрлі варианттарында жұмсалады, мысалы: қарайым, өзбек, ұйғыр, гагауз, түрік, әзербайжан тілдерінде сөз басындағы «й» түсіп ипек болып айтылса, құмық, түрікмен тілдерінде йибек / йүпек болып, сөз басында «й» сақталған, татар мен башқұрт тілдерінде де сөз басындағы дауыссыз дыбыс түскен: ефәк және ебәк ; кейбір қыпшақ тілдерінде сөз басындағы «ж» дауыссызы жазылады: қарашай-балқар т. жибек ; қарақалпақ т. жипек ; қырғыз т. джибек , тіпті мақалда айтылады: Джибекти туталбаған джүн қылат, қатынды күте албаған күң қылат «Жібекті тұталмаған жүн қылат, қатынды күте алмаған күң етеді».

RkJQdWJsaXNoZXIy ODEzMg==