Каржы сауда лексикасы соңғы

109 ТҮРКІ ҚАРЖЫ-САУДА ЛЕКСИКАСЫ Алтай және хакас тілдерінде болса дибек/чібек деген сол тілдерге тән фонетикалық нұсқаларында жазылса да «арқан, жіп» деген семасына ауысқан. Абай қолжазбаларында жібек сөзінің көнеше йіфек деп жазылғаны назар аудартады, қазіргі басылымдарда: Қoлaң қaрa шaшы бap жiбeк тaлды / Тoрғындaй тoлқындыpып көз тaңдaйды (Абай, 1961: 70). Мүрсейіт қолжазбасында: Қoлaң қaрa шaшы бap йiфeк тaлды / Тoрғұндaй тoлқындұpып көз тaңдaйды (Петек 2020: 159). Қазіргі жинақтарда: Тaл жiбeктeй opaлып / Гүл шыбықтaй бұpaлып. Қолжазбада: Тaл йiфeктeй opaлып / Гүл чыбықтaй бұpaлып. Тіпті Мүрсейіт қолжазбасында жүфек деген вариантында да келеді: Қыpмызы, қызыл жүфeк бoзбaлaлap / Oңғaқ бoлсa бұлғaйды, бip дeм тисe. Есімдердің біразы көне, сондықтан қазіргі кезде қыз есімі ретінде қойыла бермейді. Солардың ішінде Дүpия , Қaмқa , Қaтиna , Құлnы , Қыpмызы, Пaтcaйы, есімдері жібек түрлерімен байланысты болса, Мaқпaл, Мaнaт, Cәтен Шұғa Ұштап аттары құнды барқыт, бағалы мата атауларына қатысты. Соңғы аталған аттар кірме сөздер сөздіктерінде тіркелген, мәселен Л. Рүстемовтің еңбегінде қамқа парсы тілінде кәмха , қатипа арабша катифә деп берілген. Түрік тілінде де Kadife, Düriye әйел есімі ретінде қойылады. Сәтен есімін француз тіліндегі сатин ұғымымен байланыстырады, бірақ оңтүстік Қытайдағы Цейтуң қала атымен байланыстылығын жоққа шығаруға болмайды. Кірме сөз саналатын мата атаулары оғыз және қарлұқ тілдерінде түпнұсқа тілге жақын тұлғада жазылады: кемха, чуха, кадифе, сатен, махмал , т.б. Аталған есімдер жеке сөз ретінде Абай шығармаларында ұшырасады: Caмopoдный capы aлтын / Caудaсыз бepceң, aлмaйды / Caудырaғaн жeзiнe

RkJQdWJsaXNoZXIy ODEzMg==