Каржы сауда лексикасы соңғы
110 ТҮРКІ ҚАРЖЫ-САУДА ЛЕКСИКАСЫ Caудыpcыз capы қaмқaны / Caдaғa кeткip cұрaйды / Caмapқaнның бөзiнe. Шұға сөзі Абайдың кітаби тілде жазылған өлеңінде парсы тіліндегі нұсқаға жақын түрінде жазылған: Қашың, қудрәт қоли шигә / Өзәң гузәлләра раһбар. Абай үстіне бешпет, шалбар, сыртынан ұнамды күрең шұғамен тыстатып жеңіл, жылы, кең күпі киген (М.Әуезов, Абай жолы: 2 том). Бәтес матасы орыс тілінде батист болып кірген (Жанұзақ 2007: 347) деп Жанұзақ ескертсе де оның француздан келгені аңғарылады: батист (фран. batiste, по имени первого фабриканта Батиста). Весьма тонкая плотная льняная ткань. Батист муслин похожая на батист хлопчатобумажная ткань (Чудинов 1894). Алтынайға ақ бәтес көйлек, жасыл жеңсіз де пайда бола бастады (Ж.Аймауытов, Ақбілек). Манат қыз есімі тек валюта емес, қымбат мата атауымен байланысты, көркем шығарма, көне жырларда сол мағынасы аңғарылады: Тегеріші манаттан , Жібектен ызып бау таққан Үйге де кірер ме екенсің? (Дулат Бабатайұлы, О, Ақтан жас, Ақтан жас). Дүрия есіміндегі түбір арабтың дур сөзі қымбат асыл тасты білдіреді. Қазақ тіліндегі формалары: дүр, дүрру, дүррә, дүрри (Мамырбекова 2017: 181). Оның iшiнде келiнге жасау тiгiлетiн батсайы, мақпал, манат, дүрия , шағи бөлек салынған (М.Әуезов, Абай жолы: 1 том). Ұлықтар отыратын екі биік стол қатар қойылын, үстіне алалы мақпал жабылыпты ( М.Әуезов, Абай жолы: 3 том). Оң жақта темір кереует үстінде, аспан түстес көк сәтенмен тысталған үш жастық (Ғ.Мұстафин, Өмір не өлім). Қауынның әңгелегіндей томпиған қос анары қос етек ақ ұштап көйлегінің омырауын кернейді (Сейітжан Омаров, Жүйрік ат көңіл). Құндыз, Кәмшат, Жанат аттары «Бағалы тері атауларына қатысты есімдерге» жатады. Бұлар – сырт киім үстіне сұлулық, байлықты көрсету үшін жалғанған қымбат материалдар. Қымбат, таптырмас дүниелер болғандықтан, оларды қыз есімдеріне қосады.
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy ODEzMg==