Каржы сауда лексикасы соңғы

111 ТҮРКІ ҚАРЖЫ-САУДА ЛЕКСИКАСЫ Есімдердің барлығы соңында аса қымбатты деген мағына береді. Өйткені есімдерде Кәмшат немесе Құндыз жануарын бағалап тұрған жоқ, оның терісінен жасалған киім түрлерінің құнды әрі әдемілігіне қарап қыз есімі қойылған. Құндыз және Кәмшат есімдері қазақтың төл сөздеріне жатады. Құндыз жануар атауы ретінде көне түркі жазба ескерткіштерінде кездеседі, мысалы, құндыз қайыры сөз тіркесі «құндызданжасалатын дәрі» мағынасымен тіркелген. Қашқаридың Диуани лұғатит түрк атты құнды жәдігерінде құндыз сөзіне «өзен иті» деген аударма берілген. Құндыз сөзі «берік, мықты» мағынасындағы құнт (қазақ тілінде – құнттау ) сөзінен шыққан. Кәмшат есімінің айтылуы кірме сөз секілді болып көрінгенмен, ол түбі түркі қама сөзінен өрбіген. Түркі тілдерінде құндыз тектес жануарды қама деп айтады. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде қама «кәмшат», ал Аймақтық сөздікте «құндыз бөрік» деп тіркелген. Осыдан келіп Қамажай аты да осымен байланысты ма деген ой келеді. Құндыз – «Мapқaбaй ұнaтқaн қыз», Кәмшaт – «Aйғыздың қызы, Aбaйдың қapындacы» есімдері «Абай жолы» романында да кездеседі. Ал жеке сөз ретінде Абай өлеңінде қолданылған: «Білeктeй apқacындa өргeн бұрым / Шoлпыcы cылдыр қaғып жүpсe aқыpын. Кәмшaт бөрiк , aқ тaмaқ, қaрa қacты / Cұлу қыздың көрiп пe eң мұндaй түрiн». «Ақша атауларына қатысты есімдерге» Динара мен Ділдә аттары жатады. Динара есіміне келсек, ол «алтын ақша, қымбат алтын тиын» мағынасындағы араб тіліндегі динар валюта атауынан келген. Динар қазіргі кезде араб елдерінің біразында ресми валюта атауы ретінде қолданылады. Шығыс Европадағы елдерді қосқанда жиырма шақты мемлекеттің ресми ақшасы динар болған. Қазіргі күні он мемлекет динар атауын ресми валюта ретінде таниды. Орта Азиядағы түркі тайпалары ислам дінін мемлекеттік дін ретінде қабылдағаннан кейін ақша айналымындағы «алтын тиындар» динар деген арабша атауға ие бола бастады. Ал «күмістен соғылған тиынды» дирхам деп атап кетті. Бір динар он дирхамға тең болған деген дерек бар.

RkJQdWJsaXNoZXIy ODEzMg==