Каржы сауда лексикасы соңғы
112 ТҮРКІ ҚАРЖЫ-САУДА ЛЕКСИКАСЫ Ерте орта ғасырда динар атауы ең бағалы валюта ретінде қол данылғаны Бахалығ динар ол билиглиг киши «Білімді кісі – бағалы динар» деген мақалдан аңғарылады (ДТС 160). Қазақта Динар түрінде де есім болып айтылады (Динар Аханова) және гүл сөзі қосылып та жұмсалады Динаркүл Омарова (Жанұзақ 2006: 151). Ділдә аты да бұрынғы ділдә деген «алтын ақша» түрінен шыққан. Қазіргі күні бұл есім Динара аты секілді танымал болмаса да сирек қолданылмайды. Ұлы ақынАбай бәйбішесінің аты Ділдә болғанының өзі көп нәрсені аңғартады. Негізі ділдә бұрын парсы тілінде «бес күміске тең алтын жалатылған тиын» дегендей ресми валюта болған. Қазақ қызының Ділдә есімі осы иран тіліндегі «алтын ақша, алтын» мағынасынан шыққан. Қыз бала есімінен бөлек Ділдәбек, Ділдәбай, Қабділдә, Ділдәхан, Әбділдә тәрізді кісі есімдерінің құрамында айтыла береді. Қазақ әдеби тілі сөздігінде оны иран тілінен кірген деп көрсеткен: ділда [ир.] (көне) «құны бес теңгелік алтын ақша; алтын, күміс ақша». Қырғыз тілі сөздігінің авторы Юдахин да оны ферсизм ретінде көрсеткен. Оңдасынов та Ділдә есімін парсы тіліндегі «алтын» мағына сындағы тила сөзімен байланыстырған. Бірақ бұл сөздің алғашқы мағынасы араб тілінде طلاء тилаа «күмісті жалатуға арналған сұйық алтын» болған. Өзбек тілінде де тилла сөзі бастапқы мағынасына жақын, мысалы: тилла тиш «алтын жалатылған тіс»; тилла суви «алтын бояу». Сондай-ақ жалпы алтынды тилла деп айтады. Түркі тілдерінің біразында «алтын жалатылған күміс тиын» деген мағынада қолданылып, кейінірек «алтын ақша» немесе «алтын» деген мағынаға ауысқан: Қарақалпақ тілінде тилла (арх.) «алтын; алтын ақша»; тиллайы «алтын тиын»; қырғызша дилде (ист.) «бес сом құнындағы алтын ақша; алтын»: сары дилде ак күмүш «сары алтын, ақ күміс». Ұйғыр тілінде тилла «алтын ақша»; түрікменше тылла «алтын»: тылла йүзүк «алтын сақина»; тылла пул «алтын ақша»; тылла ағтарыжылар «алтын іздеушілер»; Тылла «қыз есімі». Ділдә атауы қазақ тілінде «үлде мен бүлдеге орап, баптап күтті» мәніндегі төбесінен ділдә құйды тұрақты тіркесінде айтылады.
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy ODEzMg==