Каржы сауда лексикасы соңғы

113 ТҮРКІ ҚАРЖЫ-САУДА ЛЕКСИКАСЫ «Сансыз ақша» мағынасында мың ділда немесе мың ділдалық деген тіркес түрінде де қолданылады. Ділдә сөзінің қазақ тілінде ертерек кезеңдерден бері қолданылып жүргенін Абай мен Шәкәрім өлеңдерінде кездесетінінен аңғарамыз: Сен мына бір ішінде / Ділдәсі бар дорбаны ал Бірін алсаң, және бір / Ділдә дайын, қолың сал. Осы сөз қолжазбада тіллә деп тіркелген: Сен мына бір ічінде / Тіллесі бар дорбаны ал! Бірін алсаң және бір / Тіллә дайын, қолың сал. Осылармен бірге Жамбы сөзі де қыз есімі ретінде қолданыла­ тыны Т.Жанұзақ тарапынан тіркелген: «Жамбы Мырзабекова. Жамбы қытайша юаньбао ақша ретінде қолданылатын, салмағы да, көлемі де әртүрлі күміс кесегі» (Жанұзақ 2006: 152). Қорыта келгенде, бабаларымыз қыздарын ең қымбат асыл заттан да жоғары бағалаған, аялаған. Сондықтан өз қыздарына олар қымбат дүниеге байланысты ең әдемі есімдерді қоюға асыққан. Қыздың бір отбасы үшін қаншалықты бағалы екенін аяулы қыздарына ең қымбат ақша атауы, бағалы кен, нәзік жібек, аса бағалы асыл тас, сирек мата атауларымен байланысты аттар қойғанынан да аңғарылады. Мәселен, қыздар арасында алтын монетамен байланысты аттар кездескенмен күміс монета атаулары «дирхам, теңге» дегендер кездеспейтіні бекер емес. Сол сияқты Гауһар, Меруерт секілді ең қымбат асыл тастармен атаған, бірақ басқа арзан металдар есім ретінде қойылмаған. Ондай жиі кездесетін материалды батырлық символы ретінде Темір, Темірлан, Болат сияқты ұлдарға қарата қойған. Мата атауларына да келгенде « Мақпал»- дай табылуы қиын әрі өте әдемі және қымбат материалдарға байланысты есімдер көп кездесіп жатса, шыт, сиса, бөз секілді арзан әрі жиі кездесетін басқа маталар түріне қатысты есімдер қойылмайды. Осының барлығы шүбәсіз қазақ халқының қыз баланы қаншалықты бағалайтынына дәлел бола алады.

RkJQdWJsaXNoZXIy ODEzMg==