Каржы сауда лексикасы соңғы

114 ТҮРКІ ҚАРЖЫ-САУДА ЛЕКСИКАСЫ «ӘМИЯН, АҚША САЛҒЫШ» МАҒЫНАСЫНДАҒЫ СӨЗДЕР Кісе «әмиян; былғaры қалта; ақша сөмкесі, дорба; қалта» Түркі тілдерінде кісе сөзі көбіне «әмиян; қалта» мағынасында кең таралған: Түрік т. kese «қапшық, сөмкеше; әмиян; ақша қалтасы, дорбасы»: para kesesi «әмиян»; kesenin ağzını açmak «шығындалу, ақшалай шығынға бату»; kesenin dibi görünmek «әмиянның түбі көріну, ақшасыз қалу»; keseye dokunmak «қалтаға тию, қымбатқа шығу»; kesene bereket «жұмсаған ақшаға береке берсін, қалтаң, әмияның тола берсін» (ТурРС 534); әзербайжан т. кисә «дорба, қалта, қалташа, қапшық; әмиян» (АзРС 170); пул кисәси «әмиян» (АзРС 248); түрікмен т. кисе «қалта, ақша қалтасы, әмиян»: пулуң кисеңе сал «ақшаңды қалтаңа сал» (TРС 400); гагауз т. кесә «әмиян»: кесә бош «кедей »; бол кесәден «ауқатты өмір сүру, жалғады жалпағынан басу»; Бол кесәниң харжамасы да болдан «Қалтасы қалыңның шығыны да көп» (ГРМС 265). Татар т. кесә «қалта, ақша дорбасы; әмиян»: кесә қалынайту «қалтасын (әмиянын) толтыру, қалтасы қалыңдау»; кесә тақыр «қалтасы, әмияны бос, тақыр кедей, қалтасы жұқа»; кесә ақтару «қалта ақтару»; кесәгә сугу «қалтаға тию, ақшалай ауыр тию»; кесәгә кіру «әмиянын ақтару»; (ТатРС 403); башқұрт т. кесә «сол мағ.»: кесәге һуғыу «қалтаға соғу, қалтасы қағылу»; кесә қалынайтыу «ақша жинау, байлық жию»; кесә һайығыу «ақша азаю, біту, қалтасы қағылу»; кесәһе қалың «әмияны қалың, бай, қалтасы қалың» (БТҺ I 492); құмық т. кисе «қалта; әмиян»: Кисеңде малың йоқ буса, аузуңда балың йоқ му (мәтел) «Әмияныңда ақшаң болмаса, аузыңда балың болмай ма?»; кисеге гирмек «біреудің қалтасына (мүлкіне) кіру» (КумРС 144); қырым татар т. кисе «қалта, қалташа, ақша дорбасы, әмиян»: пара кисеси «әмиян» (КТРС 406). қырғыз т. кисе «белбеудегі қалташа, дорбаша; қалта»; кисе қур «қалталы, әшекейлі белбеу»; кисебур «ұрлықшы, қалта ақтарушы» (КРС I 389); ноғай т. кисе «қалта»: кисе сағат «қалтасағат» (НРС 167); қарақалпақ т. кисе «сол мағ.»: мениң кисемде «менің қалтамда» (КкРС 324).

RkJQdWJsaXNoZXIy ODEzMg==