Каржы сауда лексикасы соңғы

115 ТҮРКІ ҚАРЖЫ-САУДА ЛЕКСИКАСЫ Ұйғыр т. кисе «қалта; әмиян, ақша қалтасы» (YUTS 200); өзбек т. киса «сол мағ.» (УРС 221). Чуваш т. кесъе «қалта, әмиян» (ЧувРС 169). Орыс т. киса «сумка, мешок, котомка»; кисет «маленький мешочек для табака» (ЭСРЯ (Фасмер) II 239). Қазақ тілінде бұл сөз «күміспен сәндеп әшекейленген, белбеуге тағатын қалта» (Абай тілі сөздігі 2011: 296) мағынасында сақталған. Абайдың «Ескілік өлеңінде» қолданылған: Мықшима аяғымда былғары етік, Киіз байпақ тоңдырмас ызғар өтіп. Үлкен кісе жанымда жез салдырған, Шақпағым, дәндәкуім жарқ-жұрқ етіп (Абай 1961: 214). Қазақ мақалдарынан да кісе сөзінің түркі тілдеріндегідей «қалта, әмиян» мағыналары аңғарылады: Кісі болар баланың, Кісесінен белгілі. Ат болатын кұлынның, Мүшесінен белгілі (Кейкін 2002: 52). Есепшінің есебі кісесінде (Кейкін 2002: 106). Орыс тілінің этимологиялық сөздігінде Фасмер орыс тіліндегі киса «дорба» сөзінің түркі тілінен алынғанын айтады, ал түркі тілдеріне арабшадағы «әмиян» мәніндегі кис сөзінен келгенін алға тартады (ЭСРЯ II 239). Түркі тілдеріндегі кисе сөзі парсы тіліндегі киисе « كيسه ақша қалташасы, ақша дорбашасы; дорба, қалташа» сөзі екені анық. Парсы тіліндегі «әмиян, дорба» мағынасындағы сөз түркі тілдерінде «қалта» мәніне де ие болған. Жалпы қалта мағынасындағы сөздердің немесе әмиян, дорбаның қалта мәніне ие болу құбылысы түркі және өзге тілдерде де бар. Мәселен, орыс тіліндегі карман сөзінің ауыспалы «әмиян» мағынасы бар, тіпті солтүстіктегі түркілер тілінде екі мәнде (қалта және әмиян) жұмсалады (ЭСРЯ II 201). Оған қоса орыс тіліндегі карманның латынша «әмиян» мағынасындағы crumena-дан келуі мүмкін деген жорамал да бар. Қалта сөзіне келсек, оның ауыспалы мағынасы «әмиян, ақша, байлық» екені аңғарылады: қалтасы қалың; қалтаға түсті; қалтасы жұқа; қалтасы қағылды; қалтасы құрғамады; қалтасына басты (ҚТТС 465).

RkJQdWJsaXNoZXIy ODEzMg==