Каржы сауда лексикасы соңғы
116 ТҮРКІ ҚАРЖЫ-САУДА ЛЕКСИКАСЫ Қазақ тіліндегі әмиянның да парсы тілінде алғашқы мағынасы қалта екені белгілі: әмиан (парсы) «қалта, ақша салатын кішкентай қалта; қалта орнына жүретін белдік» (Оңдасынов, ПҚТС 1974) (ҚТАС 105). Қалта «қалта; әмиян; дорба; байлық, ақша». Қазақ тіліндегі қалта сөзіне келсек, оның ауыспалы мағынасы «әмиян, ақша, байлық» екені аңғарылады: қалтасы қалың «ақшасы көп»; қалтаға түсті «ақша ұрлады»; қалтасы жұқа «қаражаты мардымсыз»; қалтасы қағылды «ақшасы таусылды»; қалтасы құрғамады «ақшасы үзілмеді», т.б. Сонымен бірге, «азық-түлік, оны-мұны салатын кішкене дорба» (ҚТТС 465) мағынасына да ие болған. Қазақ говорларында бұл сөздің «қап, дорба» мәнінде жұмсала тыны белгілі. Сонымен бірге «қаптың кішірегі» деген мәнде қалтақап деген форма қолданылады (ҚТАС 378). Түркі тілдерінде бұл қолданыс кең таралмаған, қазақ тіліне ең жақын саналатын қырғыз бен ноғай тілдерінің өзінде актив жұмсалмайды. Оғыз бен қарлұқта мүлдем кездеспесе, қыпшақ тілдерінен тек қарақалпақ, татар мен башқұртшада белсенді қолданылады: Татар т. калта (арх.) «қап, дорба; ақша қалтасы; жемсау; әмиян» (ТатРС 350); башқұрт т. калта «тері қапшық, тері қалта; ақша қалташасы; әмиян»: қалта өмәһе «ақша дорбашасы»; қалтаһы қалың «бай, ауқатты» (БТН I 621); қарақалпақ т. қалта «қапшық, дорба; сөмке, әмиян; қалта» (КкРС 364); ноғай т. қалта (актив жұмсалмайды, бұл мағынада бокша сөзі актив) «әмиян, ақша қалташасы» (НРС 84; 142); қырғыз т. қалта «сөмкеше, дорбаша» (КРС I 333). Алтай т. калта «темекі қалташасы (кисет)»; калта-каңза «темекі, табак жабдықтары» (АлтРС 270). Юдахин Қырғыз тілі сөздігінде қалта сөзін парсынікі деп көрсеткен (КРС I 333). Қазақ говорларында «әмиян» мағынасында әйкел, бүктеме, қапшық, нәмиял, шилан (ҚТАС 105) сөздері де қолданылады. Енді солардың кейбіріне тоқталып өтсек.
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy ODEzMg==