Каржы сауда лексикасы соңғы

117 ТҮРКІ ҚАРЖЫ-САУДА ЛЕКСИКАСЫ Қапшық (Алм.: Шел., Еңб. каз., Жам.; Жамб.: Шу, Мер., Луг., Мойын.; Шығ. Қаз., Зайс; МХР) «әмиян , ақша салғыш»: Әкемнің қапшығы толған ақша ғой (Жамб., Қорд.). Қалтадағы қапшықта үш сом бар (Алм., Жам.). Балаға бір қапшық әкелдім (Шығ. Қаз., Зайс) (ҚТАС 386). Көне түркі ескерткіштерінде «қапшық, дорба» мәнінде қол­ данылған қапчуқ сөзі (ДТС 420) қазіргі түркі тілдерінің кейбірінде қазақ говорларындағыдай «әмиян» мағынасында жұмсалады: Қырғыз тілінің солтүстік диалектілерінде қапчық «әмиян» (КРС I 344); татар т. қапчық «ақша қалташасы, ақша сөмкешесі (мошна)» (ТатРС 367); башқұрт т. қапшық «ақша қапшығы» (БТҺ I 634). Түрікмен т. ғапжық «әмиян, ақша салғыш»: ғайыш ғапжық «тері әмиян»; ғапжығыны бошатмак «ақшасын жұмсау, қалтасын босату» (ТРС 153); түрік тілінің диалектілерінде kapçık «құтыша» (ТурРС 509). Хакас т. хапчых «әмиян» (ХРС 274); алтай т. капчык «сол мағ.»: ақчалу капчык «ақшалы әмиян» (АлтРС 282). Шилан «әмиян». Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде жергілікті ерекшелік деп берілген шилан «ақша салатын әмиян» (ҚТТС 916) cөзі Қазақстанның батыс говорында айтылады: Шилан (Ақт., Ойыл; Орал: Жән., Орда, Казт.; Қ.орда: Қарм., Арал, Жал.; Атыр., Есб.; Маң.: Маңғ., Шевч.) «ақша салатын былғары қалта, әмиян, көмәжнік» (ҚТАС 755). Батыс өңірі ақыны Қашаған жыраудың бір өлеңінде де осы сөз кездеседі: Қолдарына алып шиланды , Аралады қарманын, Ақшаға алдым толтырып, Аямады барларын (Қашаған) Қазақстанның батыс сөйленісінде сақталған шилан аталымының төркіні парсы тіліндегі джуздан « جزدان ораулы кағаз, кітап тасуға арналған орама түріндегі қорап, орама дорда; қағаз ақшаға арналған әмиян» сөзі екені сөзсіз. Ал парсыдағы ол атаудың өзі арабтың «бөлік» мағынасындағы джуз (қазақша жүз: ұлы жүз, орта жүз, кіші жүз) جزء және парсының дан دان қосымшасынан жасалған.

RkJQdWJsaXNoZXIy ODEzMg==