Каржы сауда лексикасы соңғы

118 ТҮРКІ ҚАРЖЫ-САУДА ЛЕКСИКАСЫ Қарақалпақ тілінде бұл сөз шыжлан «әмиян» (КкРС 747) деген үлгіде айтылады. Түрік, қырым татар тілдерінде түпнұсқадағыдай жұмсалады: cüzdan (джүздан) «әмиян» (ТурРС 162); джюздан «сол мағ.» (КТРС 115). Араб және парсының екі формасынан жасалған жүз+дан сөзі түрік тілінен румыншаға giozdan түрінде кіріп, «мектеп сөмкесі» (DEXI 15 802) мағынасында жұмсалады. Ливан арабшасында да тездан «әмиян» тұлғасында қолданылады. Қазақ тіліндегі өзгерісіне келсек, алдымен шүздан (салыстр.: қарақалпақ т. шыжлан ), кейінірек екінші буындағы жуан дауысты дыбыстың әсерінен шыжлан болып өзгерген. Ең соңғы нұсқасы ауызекі тілде сөз ортасындағы «ж» дыбысының түсіріліп, шилан түріне дейін өзгергенін айтуға болады. Сөз басындағы «ж/й» дыбысы түркі тілдерінде өзгеруге бейім, мәселен сөз басындағы «ж/й»-лар хакас пен тува тілінде «ч» дауыссызымен айтылса, якутшада «с» дыбысымен жазылады. Қазақ тіліндегі шешу етістігінің көне түркі тілінде йеч- тен келгені осыған бір дәлел бола алады. Ұжмақтың кейде «ұшпақ», дос-жардың ауызекі тілде «дос-шар» деп айтылуын «ж»-ның «ш»-ға ауыса алатындығын көрсетеді. Қазақ тілінің оңтүстік говорларында сақталған жағлан/жағылан «киім-кешек салатын былғары мен теріден жасалған сандық, сандықша» сөзінің жасалуы да осыған ұқсас. Сөзжасаушы Ісләм Жарылғапов бұны «шамадан» деген мағынадағы жаңа термин ретінде ұсынған. Қызығы осы жағлан негізі шамаданнан келіп отыр, парсыша ǰāmädān «киім орны», оның түбірі ǰāmä «киім» болып шығады. Түркі халықтарынан орыс тіліне өткені Макс Фасмердің сөздігіне айтылады. Йаншық «әмиян, қалташа, ақша дорбасы». Янчық сөзінің көне мағынасы «әмиян, ақша қалтасы» екені түркі мұралары деректерінен аңғарылады: Көне түркі жазба мұраларынан Диуани лұғатит түркте йанчық/ йанчуқ «әмиян, ақша дорбашасы»: Ол йанчық ичрә йармақ қарванды «Ол әмиянның ішінен ақша іздеді» (ДТС 232) 15 Dicţionar Explicativ İlustrat al Limbii Romîne, Gunivas, İtalia, 2007.

RkJQdWJsaXNoZXIy ODEzMg==