Каржы сауда лексикасы соңғы
119 ТҮРКІ ҚАРЖЫ-САУДА ЛЕКСИКАСЫ Орта ғасыр жазба ескерткіштерінен қыпшақ жазбасы Кодекс Куманикуста йанчық «қалта; әмиян, сөмкеше» (Gronbech 1992: 217). Мәмлүк қыпшақ жәдігері Китабу межму тержуманиде йанчук «сөмке, дорба» (Құрысжанов 1970: 123). Қазіргі түркі тілдерінде «сөмке, дорба» мағынасы кең таралған. Қыпшақ тілдерінде көне мағынасында жұмсалса, қарлұқшада «қалта», сібір және оғыз тілдерінде «сөмкеше, дорбаша» мағына лыра ие: Татар йанчык «қапшық, дорба; ақша дорбашасы, әмиян»: акча янчыгы «ақша дорбасы; Жәяүлегә янчык та авыр (мақал) «Жаяуға әмиян да ауыр»; янчыклы кеше «бай кісі, қалталы, ауқатты адам» (ТатРС 1186); салыст.: татар т. диал. йантық «жамбас» (БДСТЯ 232); башқұрт т. йансық «ақша салуға арналған дорбаша, әмиян»: Йәйәулегә янсық та ауыр «Жаяуға әмиян да ауыр» (БТҺ II 793); құмық т. янчық «сөмке, дорбаша» (КумРС 374); қарайым т. йанчық «әмиян, сөмкеше» (КРПС 228); Ұйғыр т. йанчук «қалта» (YUTS 458); өзбек т. йончик «сол мағ.» (УРС 140). Түрікмен т. янжық «сөмке» (ТРС 815); түрік т. диал. yancık/yancuk «шопан дорбасы» (DD III 1473). Алтай т. йанчык «охотничья маленькая сумка с ручками для пуль; сумка»: Йаандардың сөзин йанчыкка сал (мақал) «Қарттардың сөзін қапшыққа сал» (АлтРС 184); алтай тілінің телеуіт диалектісінде данчык «сол мағ.» (Радлов III 97); тува т. чанчык «кисет; футлярчик»: Чаг иштинде бүүрек дег, чанчык иштинде ок дег (поговорка) «Как почка, в сальной оболочке, как пуля в футлярчике (об изнеженном человеке) (ТувРС 516); хакас т. нандығ (арх.) «тігілген қосымша қалта» (ХРС 114); хакас тілінің сағай диалектісінде нанчығ «сол мағ.» (ХРС 114); шор т. нантыш «сөмке»; нанчығаш «портфель» (ШРС 34). Чуваш т. енчек (йенчек) «әмиян» (ЭСЧЯ 61). Йанчық туынды тұлғасы «жан, бүйір» мағынасындағы йан сөзіне кішірейткіш мағына үстейтін «-чық» жұрнағы жалғануы арқылы жасалған (ЭСТЯ IV 118). Бұл форма ақша дорбашасын оң жақ бүйірдегі белбеуге байлап таққандықтан туындаған.
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy ODEzMg==