Каржы сауда лексикасы соңғы
120 ТҮРКІ ҚАРЖЫ-САУДА ЛЕКСИКАСЫ Ақшақап «әмиян, ақша қалташасы». Ақша және «әмиян» мағынасындағы қап сөздерінің бірігуінен жасалған. Екі сөз түркі тілдерінде кең таралса да мұндай біріккен сөз біз қараған түркі тілі сөздіктерінде жиі ұшыраспады: Алтай т. акчакап «кошелёк, бумажник»; тере акчакап «кожаный кошелёк» (АлтРС 50); тува т. акша хавы «бумажник, кошелёк» (ТувРС 50) Қырым татар т. ақча кисеси «ақша қалташасы, ақша кісесі» (КТРС 325). Түрік т. akçe kesesi «ақша дорбашасы, тиын кісесі» (ТурРС 36). Дорба «дорба, қапшық, қоржын, ақша дорбасы». Қазақ тілінде дорбалау етістік түрінде «Алыстан арбалағанша, жақыннан дорбалаған» мақалында да айтылады. Бұл сөз көне және карахан дәуірі жазба мұраларында кездеспейді, орта ғасыр жәдігерлерінен тек қыпшақ және көне анадолы жазбаларында қолданылған: Тарихи қыпшақ ескерткіші Кодекс куманикуста топра «дорба» (Gronbech 1992: 193). Мәмлүк қыпшақ жазба мұраларында топра/тобра/торба/тойра «дорба» (KıpTS 281). Түркі тілдерінде сібір тілдерінен бөлек топтарда кең таралған. Әсіресе, торба формасында жұмсалады, дорба түрінде тек қазақ пен қарақалпақ тілдерінде айтылады. Қырғыз, татар, башқұрт тілдерінде өзге мағынаға ауысқан: Татар т. торба «торба (для кормления лошадей)» (ТатРС 907); башқұрт т. торба «сол мағ.» (БТҺ II 370); қырғыз т. дорбо «торба (небольшой мешок, надеваемый лошади на морду для кормления зерном)»: Эки кедей куда болсо дорбо алышат (мақал) «Екі кедей құда болса бір-біріне дорба алады» (КРС I 198); қырғыз т. диал. торбо «жем қапшығы» (КРС II 254); ноғай т. торба «қапшық, сөмкеше» (НРС 358); қарақалпақ т. дорба «сөмке, қапшық» (КкРС 176); құмық т. торба «аттың аузына жем беру үшін кигізілетін дорбаша; сөмкеше, кішкентай қапшық» (КумРС 306); қарашай-балқар т. торба «сол мағ.» (РКБС 630); қарайым т. торба «қалта, сөмке, қоржын» (КРПС 539); қырым татар т. торба «қапшық (кішкентай)» (КРПС 130).
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy ODEzMg==