Каржы сауда лексикасы соңғы

121 ТҮРКІ ҚАРЖЫ-САУДА ЛЕКСИКАСЫ Өзбек т. турва «қоржын, дорба» (УРС 495); ұйғыр т. торва «сол мағ.» (YUTS 421). Әзербайжан т. торба «дорба; сөмке» (АзРС 296); түрікмен т. торба «сол мағ.» (ТРС 641); гагауз т. торба «сол мағ.» (ГРМС 475) түрік т. torba «дорба, қапшық; ақша қалташасы, әмиян»: İşine hor bakan, boynuna torba takar «Ісіне немқұрайлы қараған, мойнына дорба іледі» (ТурРС 867); түрік т. диал. torbacı «қайыршы, тілемсек» (DS V 3967). Түркіден өзге тілдерге ауысқан сөздер сөздігінде (Türkçe Verintiler Sözlüğü) торба сөзінің парсы мен арабшаға торба/турбе; армян тіліне толба ; мажар т. турба ; славян тілдеріне торба ; албаншаға торве ; грекшеге доврас түрінде кіргені көрсетілген (Gülensoy 2012: 368). Фасмер орыс тілінде то́рбаны тюркизм деп тіркеген: «То́рба зап., южн. диал. «мешок с овсом, надеваемый лошади на морду» (Даль), также «морда, напр. выдры», олонецк. (Кулик.), укр. то́рба «мешок». Через польск. torba «сумка, мешок» или непосредственно из тур., крым.-тат., азерб. torba «мешок, котомка» (ЭСРЯ (Фасмер) IV 81). Серткая торба сөзінің түбі түркі емес, парсыша тубре ~ тобре ~ тобра сөзінен метатеза жолымен торба боп өзгергенін алға тартады (Sertkaya 2012: 86-88). Нишанян парсыша тубре тұлғасының түбірі қайдан келгені белгісіз деп түркі топ «домалақ» сөзімен байланысты болуы әбден мүмкін деп тұжырымдайды (https://www.nisanyansozluk. com/?k=Torba). Гүленсой торба түбі түркі сөзі деп, оның тор «тор, ау» + ба(ғ) «бау» сөздерінен құралған біріккен сөз деп анықтайды. Дәлел ретінде түркі тілдеріндегі осындай жолмен жасалған торсық сөзін келтіреді (Gülensoy 2011: 368-369). Әйкел (Қост.: Фед., Семиоз., Жанг.) «ақша салғыш, күмәжнік»: Ақша салатын әйкелімді алып берші (Қост, Фед.) (ҚТАС 100). Қазақ әдеби тілі сөздігінде бұл сөздің жергілікті ерекшелік екені айтылып, «дорба» деп анықталған: Әйкел (жерг) «ішіне оны-мұны салатын дорба»: Омар қарт баласына әйкел сатып әперді (ҚӘТС II 398).

RkJQdWJsaXNoZXIy ODEzMg==