Каржы сауда лексикасы соңғы

122 ТҮРКІ ҚАРЖЫ-САУДА ЛЕКСИКАСЫ Диалектологиялық сөздікте осы мағынаға жақын «сөмке» деген қолданысы берілген: Әйкел (Талд., Қарат.; Қар., Нұра) «кітап-қағаз салатын сөмке»: Біздің балаға да әйкел сатып беру керек еді (Талд., Қарат.) Әйкел сөзі қазақ говорларында, яғни Қостанай, Қарағанды облысы қазақтарының тілінде ғана сақталған, оның шығу тегіне қатысты нақты дәлелдер келтіру әзірге ерте. Бірақ оның араб тіліндегі хайкал/ хейкел тұлғасынан келген болуы мүмкін деп жорамалдаймыз. Яғни араб тіліндегі ең алғаш «тасмүсін; ескерткіш; мүсін, дене, кеуде» деген мағынасынан «мойынға тағатын әшекей алқа, әйелдердің омырауына тағатын металдан жасалған сәндік бұйым, естелік зат» деген мағына шығып, одан барып «күмісті, шілтерлі, ою-өрнекті қалта, дорбаша; иықтан кеудеге тағып іліп алатын әшекейлі қалташа; құран сүресі жазылған қағаз сиятын тері әмиянша, тұмар; естелікше» деген мән туып, ең соңында жалпы «қалта, дорба, әмиян» деген мағына пайда болған . Қазақ тілі мен жергілікті сөйленістерде өзге мағынада жұмсала­ тын әйкел сөзінің қолданыстарына көңіл аударарлық: Әйкел «құдықтың кенересі құламау үшін кұйылған ортасы тесік дөңгелек тас». Әбден қазылып болған құдықтың аузын таспен «әйкел» деп аталатын қақпақ қиып орнатады, қақпақтардың ортасынан долы сиятындай дөңгелек тесік қалдырылады (Х.Арғынбаев, Қаз. этногр.). Әйкел «балалар ойнайтын таяқ ойыны». Әйкелтаяқ «балалар ойнайтын «әйкел» ойынына арналган таяқ». Әйкел (әйкел-тұрман) көне . «қыздар мойнына тағатын алтын не күміс әшекейлі алқа; күміс ақша немесе асыл тастармен безелген, зерделі барқыттан тігіліп, қыздардың кеудесіне ілінетін алқа тәрізді бұйым»: Қостан әйкел тағынған, Жүз теңгелік опа, ендік Екі бетке жағынған (Қыз Жібек). Әйкелді қыз манағы Таң намазы алдында, Алтын құмған қолында Балалы қаздай байпаңдап Дуадақ құстай шайнаңдап,

RkJQdWJsaXNoZXIy ODEzMg==