Каржы сауда лексикасы соңғы

123 ТҮРКІ ҚАРЖЫ-САУДА ЛЕКСИКАСЫ Иығына ішік жамылып, Беті қып-қызыл оттай жағынып, Әйкел тұмар тағынып (Шашубай ақын). Көп мағыналы әйкел сөзін зерттеушілер араб-парсы элементі деп есептейді: «Әйкел сөзінің қарақалпақ, өзбек, түрікмен секілді қазақтардың оңтүстік аймақтарындағы көршілес түркі тілдерінде және иран тілдес халық – тәжік тілінде болуы бұл сөздің кірме екендігін та­ нытады. Оның үстіне хисап, һөнер, хауз, һафта, хәрф сөздеріндегі сөз басындағы х, һ дыбыстарының айтылмай, түсіп қалып, есеп, өнер, апта, әріп болып айтылуын ескерер болсақ, онда әйкел сөзінің де кірме сөз болуы мүмкін. هيكل һайкәл сөзі араб тілінде мынадай мағына береді: 1. үлкен, зор; 2. 1) храм 2) үлкен ғимарат, зор нәрсе; 3) құрылым, нәрсенің ішкі құрылысы (АрабРС 867). Парсы тіліндегі осы сөз мынадай мағынаға ие: 1. ескерткіш, мүсін; 2) дене, пішім; 3) храм (ПРС 2-т. 737). Араб тіліндегі жаңа сөз жасауға ұйытқы болмауы – бұл сөздің шет тілінен енгенін танытса керек, бұл сөз парсытіліне де өзге тілдердің біреуінен енген кірме болуы мүмкін. О баста діни ұғымдағы табынатын затты, белгіні атаса, кейіннен көз тиюден, ауру-пәлекеттерден сақтайтын тұмарды атаған болуы керек, кейіннен мәдениеттің даму деңгейінің бір дәрежесінде әшекей бұйымдарының атына ауысуы мүмкін» (Жиекбаева 2014: 149). Әйкел сөзі төмендегі тілдерде әртүрлі мағыналарда кездеседі, солардың ішіндегі біз талдап отырған «қалта, дорба» деген мағына да бар: Түрікмен тілінде хейкел/хейкел-тумар «күмісті, шілтерлі, ою- өрнекті қалта. Оны иыққа салтанатты кездерде егде әйелдер таққан; кожаная сумка с молитвенником, носится пожилыми женщинами через плечо» (ТРС 694). Қарақалпақ тілінде хәйкел «әйелдердің омырауына тағатын металдан жасалған сәндік бұйым; мүсін; ескерткіш» (КкРС 711). Қырғыз тілінің Оңтүстік диалектілерінде айкөл «кеудеге тағатын моншақты әшекей» (КРС I 31). Татар т. һәйкәл «тасмүсін» (ТатРС 1303). Өзбек тілінде хайкал «мүсін; тасмүсін; алтын не күмістен жасалған мойын тағылып, көкірекке дейін асылатын әшекей бұйым»:

RkJQdWJsaXNoZXIy ODEzMg==