Каржы сауда лексикасы соңғы
124 ТҮРКІ ҚАРЖЫ-САУДА ЛЕКСИКАСЫ Ойимлар утирар хайкалин осиб, Мушку амбар хиди хар йонни босиб «Айымдар отырын әйкелін асып...» (УТИЛ II 677); ұйғыр т. хейкел «мүсін; дене, кеуде» (YUTS 154). Түрік т. heykel «тасмүсін» (ТурРС 404). Заравшан тәжіктерінің тілінде әйкел «ХХ ғасырдың басында (одан да бұрын) тіл-көз тимейді деген түсінік бойынша міндетті түрде адамдарға, үй жануарларына тағылған тұмар» (Жиекбаева 2014: 149).. Бүктеме (Сем., Абай) «ақша қапшығы»: Мұны күмәжник деп те айтады. Менің ақшам бүктемеде (Сем., Абай) (ҚТАС 163). «Әмиян» мағынасындағы бүктеме сөзі «оның жиналмалы, екі бүктемелі, жиып алынатын, ашпалы, жаппалы» қасиетінен пайда болған, яғни мұның негізі бүктеу етістігі мен оған етістіктен есім тудырушы «ме» жұрнағы жалғануы арқылы жасалған. Бүктеме сөзінің «ақша салғыш» мағынасына ие болуы тек говорларда байқалады, өйткені әдеби тілде ол негізгі «сын есім» мағынада айтылады: Бүктеме (сын.) «тез жиып алынатын, жинамалы». Бүктемелі (сын.) «тез жинауға, жазыпжіберуге ыңғайлы, ашпалы- жаппалы» (ҚӘТС IV 40). Түркі тілдерінің кейбірінде бүклеме деген форма кездескенімен қазақ говорларындағыдай мағынасы қолданылмайды, мәселен: Қарақалпақ т. бүклеме «екіге бүктелген, тең бүктелген» (КкРС 126). Қырғыз т. бүктөмө «согнутый, сложенный путем сгибания, материя двойной ширины» (КРС I 166). Нәмиял (Қар., Шет.) «ақша салатын ыдыс» (ҚТАС 527). Бір қарағанда говорлардағы «ақша салғыш» мағынасына ие болған нәмиял сөзі номинал (латынша nominalis < nomen «атау») деген терминмен байланысты сияқты болып көрінеді, мысалы: Номинал (экон.) «атаулы құн (ақша, бағалы қагаздар құнының көрсетілу шамасы). Номиналдық (экон.) «номиналға қатысты».
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy ODEzMg==