Каржы сауда лексикасы соңғы

125 ТҮРКІ ҚАРЖЫ-САУДА ЛЕКСИКАСЫ Номиналдық акциялар (экон.) «атаулы акциялар, алыс-берісі акционерлік қоғамның акцияларын тіркеу кітабында тіркелетін акциялар» (ҚӘТС 567). Юдахиннің сөздігінде қырғыз тіліндегі «ямиян» мағынасындағы намыян сөзінің араб тілінен енгені айтылған (Юдахин 1985: 53). Cоған қарағанда қазақ тіліндегі нәмиял да осы тұлғамен байланысты екені аңғарылады. Қараңыз: Қырғыз т. намыян (араб.) «әмиян, пормоне, ақша салғыш» (КРС I 53) Әмиян «ақша салатын кішкентай қалта, шилан, ақша салғыш» (ҚӘТС II 450). Оңдасыновтың Парсыша қазақша түсіндірме сөздігінде әмиянның парсыша һәмиан тұлғасымен байланысты деп жазады (Оңдасынов 1974: 280). Қарақалпақ, ұйғыр тілдерінде парсы тіліндегідей тұлғада айтылады: Қарақалпақ т. һәмиян «әмиян» (КкрС 712). Ұйғыр т. һемян «әмиян» (YUTS 152). Қырғыз тіліндегі намыян формасы осымен байланысы болca керек: Қырғыз т. намыян (араб.) «әмиян, пормоне, ақша салғыш» (КРС I 53) Күмәжнік (Көкш., Енб.) «ұсақ-түйек қағаздар мен ақша салып жүретін былғарыдан істелген бұйым»: Қағаздардың бәрі Байсақалдың төс қалтасындагы былғары күмәжніктен табылатын (Көкш., Еңб.) (ҚТАС 352). Қазақ әдеби тілі сөздігінде күмәжниктің 16 ауызекі тілде айтылатыны белгіленіп, орыс тіліндегі бумажникпен байланысты екені көрсетілген: Күмәжнік [орыс. бумажник] (сөйл.) «ұсақ-түйек қагаздар мен ақша салып жүретін былғарыдан істелген қалта, бұйым» (ҚӘТС VIII 478). 16 Араб тіліндегі «мата, материал» мағынасындағы қумаш قماش тұлғасынан жасалған болуы да ғажап емес.

RkJQdWJsaXNoZXIy ODEzMg==