Каржы сауда лексикасы соңғы
126 ТҮРКІ ҚАРЖЫ-САУДА ЛЕКСИКАСЫ Оның көркем шығармаларда да ерте кезеңдерден бері қолданылғаны байқалады: Қойбағар, Түнғатар, Майпалау дейтін үш жігіт жолаушылап келе жатып «Құдайдың десбересі» бір күмәжнік тауып алды (Ж.Аймауытов, Шығ.). Бәкен үн-түнсіз калтасынан күмәжнігін суырды да, ішінен Kеренскийдің 40 сомдық маркесін алды (С.Мұқ., Өмір мект., 33) Қалтасын ақтарып қарап еді, күмәжнігінде бір буда кесек ақша жүр екен (Қ.Жұмаділов, Тағдыр). Қазақ әдеби тілі сөздігінде бумажнек деген говорлық тұлға да анықталып берілген: Бумажнек (сөйл.) «әмиян (ақша, тиын т.б. уақ зат салуга арналған қалта)» (ҚӘТС III 603). Орыс тілінен енген сөз ( бума́жник «складывающийся вдвое карманный плоский портфельчик с несколькими отделениями, без ручкииобычнобез запора, дляношениябумажныхденег, документов) қазіргі түркі тілдерінде ауызекі тілде айтылады, башқұрт және татар тілінің сөздігінде тіркелген, мәселен: Башқұрт т. бумажник «ақша, қағаз, құжат салатын әмиян» (БТҺ I 174). Татар т. бумажник «сол мағ.» (ТатРС 126).
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy ODEzMg==