Каржы сауда лексикасы соңғы
127 ТҮРКІ ҚАРЖЫ-САУДА ЛЕКСИКАСЫ ТҮРКІ ТІЛДЕРІНДЕ «АҚША» МАҒЫНАСЫН БІЛДІРЕТІН АТАУЛАР Қазақ тілінде «ақша» мағынасын білдіретін немесе валюта атауы ретінде қолданылған көптеген сөздер болған. Сондай ақша атауларының ішінде алтын, күміс, ақша, теңге, тиын сөздері осы күнге дейін актив лексика қатарында белсенді сөздер болып қолданылып келеді. Бірақ алтын мен күміс сөздерінің валюталық мағынасы ұмытылып, тек бағалы металдар деген семантикасы сақталған. Ал теңге көнеден келе жатқан тарихи сөзі 1993 жылы ұлттық валюта ретінде таңдалғаннан кейін тілдің белсенді айналымына қайта кірді. Пұл, сом, манат, бақыр, шақа, жармақ, жамбы, қойтұяқ, тай тұяқ, аққұйрық, күреш деген қаржы терминдері болса историзмге айналды. Соның ішінде бақыр және жамбы атаулары жаңа әрі туынды мағыналарға ие болды. Пұл, бақыр, сом атаулары бертін келе қолданыстан ығыса бастаса да, сомды теңгенің орнына әлі де айтатындар жоқ емес. Пұл болса айыппұл секілді жаңа терминдердің құрамында айтылып, тіл айналымына қайта кіре бастады. Ақша атауларының ішінде динар, ділдә, дирхам сияқты араб-парсыдан ауысқан кірме сөздер де қазақ даласында қолданылған. Олардың өзі ақша бірліктері ретінде қолданыстан шыққанмен, Динара, Ділдә, Манат кісі есімдерінде сақталып жұмсалады. Тарауда осындай ақша атауларының қолданыс тарихы, қазіргі семантикалық сипаты мен шығу тегі көне немесе орта ғасыр түркі жазба мұралары және туыстас әрі туыс емес тілдердің деректері негізінде талданады. Қазақ даласында әр дәуірде ақша, шақа, бақыр, жармақ, теңге, динар, дирхам, пұл, жамбы, тайтұяқ, қойтұяқ, алтын, күміс тиын, ділдә, сом және т.б. әртүрлі ақша атаулары болғаны тарихтан аян. Тіпті, жамбыату немесе теңге ілу сияқтыұлттық ойын атауларыосы ақша ұғымымен байланысты. Ақшаға байланысты сөздер мақал- мәтелдер де сақталған, мысалы, Теңге тиыннан, ынтымақ ұйымнан; Пісте қабығы шөңге болмайды, cары шақа теңге болмайды; Теңгелі жерде теңдік жоқ; Бармаған жерде бақыр бар; Білікті кісі – баға жетпес алтын, біліксіз кісі – бес тиын бақыр; Пұлыңа табылса
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy ODEzMg==