Каржы сауда лексикасы соңғы

128 ТҮРКІ ҚАРЖЫ-САУДА ЛЕКСИКАСЫ тегіндей қуан; Мың ділдә: бардың қалтасында, жоқтың аузында; Қалтасында тиын жоқ түйенің тісін санайды, т.б. Қазақ мақалдары көненің көзі десек, ақша түрлерінің түгелі қазақ даласында ежелден шығарылып қолданылғанын білдіреді. Жоғарыда аталған ақша атаулары тарихтың әртүрлі кезеңдерінде түрліше аталып келді. Ежелгі түркі дәуірінде ағы, ақша, алтын, күміс, бақыр, жармақ сияқты метал ақшалар қолданылған. Орта ғасырларда теңге, динар, дирхам, пұл деген бірліктер шығып, кейінгі кезеңдерде де тиын, жамбы, тайтұяқ, қойтұяқ, алтын, күміс тиын, ділдә, сом және теңге жұмсала бастады. Көне түркілер йастуқ, сатыр, бақыр, йармақ , т.б. секілді төл атау монета ақшалардан бөлек, төлем құралы ретінде жануардың бағалы терілері, қымбат маталар бөз, жібекті пайдаланған. Ал көне ұйғырлар ақша орнына жұмсалған матаны куанпо деген, ал қағаз ақшаны чау деп атағандары тарихтан белгілі. Куанпо жібек ақшасы Диуани лұғатит түркте камду түрінде кездеседі. Махмұд Қашқари оған «мата бөлігі» деген анықтама беріп, қосымша «оған ұйғыр ханының мөрі басылады да саудада қолданылады» деп жазады. Қағаз ақша чау қытайша (ch’ao) дегеннен келген және тек көне ұйғыр жазбаларында кездеседі. Түркі далаларының кен мен металдарға бай болуы, олардың ежелден осы кәсіпті меңгергенін, ақшаны, о баста алтыннан бастап мысқа дейін металдан, тіпті теріден, матадан да жасағаны өте ерте дәуірден бастау алғаны тарихтан аян. Ежелгі түркі қалаларында ақша шығару ісі қолға алынып сауда қарқынды жүрді. Ұлы Жібек жолының өзі Қазақстан мен Орта Азиядан өтуі соның айқын дәлелі болса керек. Тараз, Алмалық, Яссы, Отырар, Сауран, Сығанақ, Сарайшық, т.б. қалалары сауда орталықтары ретінде дамыды. Тіпті Астана тұсындағы Бозоқ қаласының солтүстік сауда жолының бір торабы болғандығы айтылады. Қаржы, экономика, сауда, салыққа байланысты көнерген сөздердің көп болуы соның бір айғағы бола алады. Төменде қаржы атауларының ішінде кейбір ақшаға байланысты сөздер талданады. Ежелгі ақша коллекциясы, әдетте, археологиялық зерттеулер немесе кездейсоқ табылған заттар нәтижесінде пайда болады. Соңғы жылдары Қазақстанда, атап айтқанда, Отырар, Түркістан, Сайрам, Сауран, Сарайшық, Алматы, Тараз сияқты ежелгі қалаларда

RkJQdWJsaXNoZXIy ODEzMg==