Каржы сауда лексикасы соңғы
129 ТҮРКІ ҚАРЖЫ-САУДА ЛЕКСИКАСЫ археологиялық қазба жұмыстары барысында ғалымдар көптеген нумизматикалық материал тапты. Соның нәтижесінде бұл күндері Қазақстан мұражайларының бай қорында түрлі дәуірлерге тән мыңдаған алтын, күміс және бақыр монета, тиындар сақталып жат қаны аян. Ежелгі сақ, ғұн, түркі дәуірлерінен бастап, Қазақ хан дығына дейінгі барлық тарихи кезеңдердегі тиын ақшалар мен қазіргі Қазақстанның заманауи ақша бірліктері мен купюралары жинақталған коллекциялар қазақ даласындағы ақшаның терең тарихы бар екенін айқын көрсетеді. Ескі қолжазбалар, шетелдегі мұралар деректері түркілердің VI–IX ғасырларда көршілес үнді- иран халықтарымен және Қытай мемлекетімен берік сауда қарым- қатынасы болғанын растайды. Көне мәтіндер көшпенділер малдарын жібек секілді бағалы бұйымдарға ауыстырғанын, кейін келе Қытай саудагерлерінен салық та алып, ақша пайдаланғанын көрсетеді. Мәселен, Күлтегін ескерткішінде Қытайдың түрік қағанына алтын, күміс беретіні жазылған: Алтун, күмүш, ишгити Қутай буңсуз анча бирүр «Алтын, күміс, жібегін Қытай екі етпей еркін беріп отырады» (Tekin 1998: 34). Қымбат металдардың көбі түркі далаларында құйылып, Қытайға да барғаны, яғни металл құюды жақсы меңгерген түркілер көрші лерге де әсер етіп, олар да ақша тиындарды құя бастаған. Метал еріткен көне өркениеттер ұлы далада мекен еткендіктен, ежелгі түркі монеталары да түркі халықтарында кеңінен таралған. Енді осыған байланысты ақшаның атауларын ерекше атап өту орынды. Қазақ даласы көне тиындар мен ақшаларға бай болғанмен нумизматика саласы кең таралмаған, десек те тарих, археология жағынан белгілі бір зерттеулер бар болғанмен нумизматиканың лингвистикалық жағынан дамуы шектеліп қалған. Қазақ тіл білімі кітаптарында сауда-саттыққа байланысты сөздер деп жіктелгені болмаса, түркі қаржы-экономика лексикасы, сауда-саттыққа бай ланысты атаулардың тарихы, қазақ тіліндегі қаржы сөздерінің этимологиясы, әсіресе ақша атауларының төркіні деген тақырып ауқымды зерттелмеген. Қазақ тіліндегі сөз төркінін зерттеген Р. Сыздық, Ә. Қайдар, І. Кеңесбаев, А. Ысқақов, Ә. Нұрмағамбетов, Ш. Сарыбаев, Ә. Құрысжанов, А. Махмудов, А. Абрахманов, Е. Жанпейісов, Б. Сүлейменова, Г. Жәркешова, Н. Қарашева, т.б. еңбектерінде талданған 2000-ға жуық сөздердің ішінде кейбір қаржы атауларының шығу тегі берілген.
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy ODEzMg==