Каржы сауда лексикасы соңғы

130 ТҮРКІ ҚАРЖЫ-САУДА ЛЕКСИКАСЫ Көне түркі ескерткіштерінің тілін зерттеуші E. Aydın бір мақа­ ласында Білге қаған ескерткішінде қолданылған көк тиін (тиын) тіркесінің тілдік тарихын талдаған. Ұ. Алжанбаеваның «Славян тілдеріндегі түркизмдердің зерт­ телу тарихы» деген мақалада теңге мен деньгидің байланысы және көне русьте қолданылған алтынник қолданысы талданған. Жалпы орыс тіліндегі кірме сөздерге байланысты талдауларда алтын сөзіне жиі тоқталады. Оның түбі алтын ақша мағынасында емес алты тиын деген сөздер қысқарғанын И. Спасский «Алтын в русской денежной системе» және В. Янин «Алтын и его место в русских денежных системах XIV-XV вв» атты зерттеулерінде дәлелдейді. Ресейдегі зерттеулерде тек ақша атауларына ғана емес қаржы- экономика тақырыбына жанама қатысты мақалалар да жеке жазылған, мысалы, А. Самойловичтің «Богатый и бедный в тюркских языках» атты зерттеу жазбасында түркі тілдеріндегі шығай, жарлы, бай, кедей секілді сөздері салыстырмалы-тарихи әдіспен талданған. Бұдан бөлек жалпы нумизматикаға қатысты тарихи зерттеулерде де түркі валюталарының шығу тарихи баяндалады. Сондай еңбектердің ішінде А. Мухамадиевтің «Булгаро-татарская монетная система в XII-XV вв.», В. Потиннің «Монеты. Клады. Коллекции: Очерки нумизматики» И. Спасскийдің «Русская монетная система: Историко-нумизматический очерк» кітаптары құнды. Көне түркі қағанаттарындағы тиын ақшалардың тарихын ең алғаш 1890 жылдарда нумизмат Эдмонд Дюруэеннің «Тұран монеталары» атты жұмысынан басталады деп айтылады. Э. Дюруэн мен Отто Доннер Енисей маңайларынан табылған және Минусинск мұражайында сақталған Қытай монетасы туралы зерттеулерін жалғастырады, тиынның алдынғы жағында қытайша жазылса, ал артқы жағында руникалық әріптермен жазылған мәтін бар. Руникалық жазбалар сол кезеңде әлі де құпия болғандықтан, ондағы жазу оқылмай қала береді. Монеталардың артындағы руна жазуын ең алғаш рет Радлов оқып шықты. Содан кейін Рясянен, сосын Шербак оқыған. Түркиядағы қаржы сөздерің тіліне қатысты зерттелген ғылыми жұмыстар туралы ерекшелеп айтуға болады. Түркиялық ғалым­

RkJQdWJsaXNoZXIy ODEzMg==