Каржы сауда лексикасы соңғы

131 ТҮРКІ ҚАРЖЫ-САУДА ЛЕКСИКАСЫ дардың ғылыми зерттеулерінде қаржы-экономикамен байланысты сөздер түркологиялық бағытта талданады. 1934 жылдағы А. Жафероғлудың «Uygurlarda Hukuk ve Maliye Іstılahları (Көне ұйғырларда құқық және қаржы терминдері)» мақаласынан бастап осы күнге дейін түркі халықтары мен көне түркі жазба мұраларында кездесетін қаржы атаулары жеке зерттеледі. Бертін келе 2016 жылы Г. Гүнер «Eski Türkler çek yazar mıydı?» мақаласында сауда-саттық байланысты сөздердің тарихы мен бірге түркілерде сауда «есепшот» беру дәстүрін талдайды. Түрік зерттеулерінде көбіне жазба ескерткіштердегі лексикалық қорларды тақырыптарына бөліп, диссертация немесе мақалалар жазу жолға қойылған. Сондай жұмыстардың бірі «Kutadgu Bilig’in Türk maliye tarihi açısından önemi» деп аталады. Автор Р. Темел Құтты біліктегі қаржы терминдерін талдай отырып, ескерткіштің түркі қаржы тарихы жағынан маңызына тоқталады. Бірнеше автор жазған «Kutadgu Bilig’de ticari hayat ile ilgili beyitler ve güncel yorumu» мақаласында Құтты біліктегі саудамен байланысты бәйіттердің қазіргі заман тұрғыдан сипатталуы көрсетілген. Сондай еңбектің бірі Ш. Калафаттың «Kutadgu Bilig’de geçen bazı е terimleri» атты жұмыста ескерткіштегі есеп және қаржымен байланысты терминдер анықталған. Мақалалардан бөлек, кітаптар да жарық көрген. O. Серткая мен Р. Алимовтың 2006 жылы баспа бетін көрген «Eski Türklerde Para» атты монографияда көне түркі ескерткіштеріндегі ақша атаулары жеке тақырып болып зерттелген. M. Өзйетгин 2004 жылы «Eski Türk Vergi Terimleri» деген кітапты шығарады, мұнда көне және ортағасыр түркі жазба ескерткіштерінде әсіресе қыпшақ мұраларында кездесетін салық терминдерінің қолданысы берілген. Г. Кырды «Eski Тürkçe kaynaklarda geçen iktisadi kelime ve kavramlar» атты магистрлік диссертациясында 200-ге жуық түркі экономикалық өміріне қатысты сөздер мен ұғымдарды ескерткіштерден тауып, сөйлем немесе өлеңдегі мысалымен бірге көрсеткен. Ақша атауларына қатысты жекелеген мақалалар жазылған, М. Өзйетгиннің «Eski Türklerde Ödeme Araçları: Kâğıt Para Çav’ın Kullanımı (Көне түркілерде төлем құралдары: қағаз ақша чав-дың қолданысы)» атты мақаласы соның дәлелі бола алады. Х. Шириннің

RkJQdWJsaXNoZXIy ODEzMg==