Каржы сауда лексикасы соңғы
132 ТҮРКІ ҚАРЖЫ-САУДА ЛЕКСИКАСЫ 2004 жылғы «Türkçede Para ve Para Birimi» деп аталатын мақаласында көне түркі және орта ғасыр жазба мұраларында қолданылған ақша атауларының этимологиясы берілген. Көрші түркі халықтары ғалымдарының ішінде өзбек ғалымы Г. Бабаяровтың көне түркі монеталарының тарихына байланысты кітаптары құнды. Ғалым еңбектерінде көне түркі тиындарындағы жазулар мен суреттердің мән-мағынасын ашып, олардың жазылу тарихы мен жазудың түркілерге тән екенін дәлелдейді. Ақша «ақша; тиын; күміс, алтын ақша; қаржы, қаражат; сауда- саттық тауар құнының өлшеуіші болатын құнды қағаз». Әркімнің өзі іздеген нәрсесі бар/ Сомалап ақшасына сонан алар. Біреу ұқпас бұл сөзді, біреу ұғар / Бағасын пайым қылмай аң-таң қалар. Аз ақшаға жалданып / Өнбес іске алданып, Сатып алма, сөз сатса / Ол асылды аңдамас. Біләткәнің байы ақша / Ер жақсысын таңдамас (Абай). Аямай ақшасын / Оқысын азамат Еш бөгет қақпасын / Жасасын саламат (Шәкәрім). Ақша сөзін қазіргі кезде білмейтін адам жоқ шығар. Бірақ оның этимологиясын әрі бастапқы мағынасы қызық болуы мүмкін, өйткені ақша сөзі о баста тек «күміс тиын» деген мағынада қолданылып, кейін ол тиынның қолданыс аясы кеңейіп «ақша» деген жалпы мәнге ауысқан деп айтады. Көне түркілер ақша сөзін бұрыннан қолданған. Көне түркі сөздігінде ақча сөзі қазіргі мағынасында тіркелген және оның Енисей бойында табылған көне монетада тіркелгені жазылған (ДТС 48). Дәлірек айтар болсақ, ХIХ ғасырда Енисей өзені бойынан табылған көне қытай монетасында ақша сөзі жазылған. Археолог ғалымдар табылған тиынның Таң империясына тән екенін, яғни 713- 742 жылдарға тиесілі екенін дәлелдеген. Табылған көне тиынның алдынғы жағында төрт қытай иероглифы бар болса, артқы бетінде тоғыз символдан тұратын түркі тілінде сөйлем жазылған. Түрколог ғалым Василий Радлов 1895 жылы ол жазбаны Бең чаян бир ақча «Beng-tschajang, eine Munze», яғни «Бең-Шаян, бір ақша» деп оқыған. Ал 1960 жылы белгілі лингвист Александр Щербак оны Бің чығым ақча; Бір чығым ақча «1000 расходных денежных единиц»; «Одна расходная денежная единица» деп оқып аудару
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy ODEzMg==