Каржы сауда лексикасы соңғы

133 ТҮРКІ ҚАРЖЫ-САУДА ЛЕКСИКАСЫ қажет екенін алға тартады. Ресейлік маман Игорь Кызласовтың тұжырымдамасына сәйкес (1994), көне түркі, яғни Енисей жәдігері боп саналатын тиындағы жазуды Биң чи урум ақча «чеканные (кованые) деньги» деп оқып аудару керек. Нумизмат зерттеуші Игорь Добродомов (1980 г.), болса, бұл көне жазуды Биң чи урум ақча «Тысяча чикилей (чигилей – монета)» деп аударады (Кызласов 1984: 85). Осылайша, Енисей жағасында табылған көне жәдігерден ақша терминінің қолданысы көне түркі дәуірінен бастау алғанын, яғни 1300 жыл бұрын пайда болғанын растайды. Кейінгі кезеңдерде мысалы орта ғасыр Қыпшақ ескерткіші Кодекс Куманикуста (СС 91) және Хорезм-Алтын орда дәуірі мұрасы Нехжүл Ферадисте (NF 152/5) ақча деген тұлғада және қазіргі мағынасында тіркелген (Şirin 132). Алтын орда дәуірінде және Қыпшақ ескерткіштерінде ақша мағынасында қолданылған бұл сөздің Осман империясында «күміс тиын, майда күміс монета» деген валюталық мағынасы пайда болған. Мысалы оғыздар Селжұқ мемлекетінде ХІІІ ғасырдан бері «ұсақ күміс монетаны» акче деп атап, ол Осман империясында XX ғасырға дейін басылды. Қырым хандығында күміс тиынды ақча деп атаған. Ақша сол кезеңде ерте ортағасырдан бері белсенді қолданысқа кірген арабша дирхам сөзінің орнына қолданылған төл сөз болды. Қазіргі түркі тілдерінде ақша сөзі «ақша, тиын, монета» деген мағыналарында кең таралған. Мысалы: қазақ, қарақалпақ, ноғай, тува тілдерінде ақша ; қырғыз, құмық, қырым татар, қарайым, ұйғыр, түрікмен, алтай, хакас тілдерінде ақча; түрікше akçe, өзбекше оқча , башқұртша ақса , қарашай-балқар ачха , чуваш тілінде уқса формаларында қолданылады. Бірақ бәрінде белсенді сөз емес, мысалы өзбек, түрікмен, әзербайжан тілдерінде пұл сөзі актив лексикаға жатады. Ал қазақ, қырғыз, татар, башқұрт тілдерінде ақша жиі айтылады. Құмық т. ақча (КумРС 24); татар т. акча : Бер тиен бер акча, ике тиен ике акча (мақал) «Ақша тиыннан құралады» (ТатРС 34); башқұрт т. ақса : Йөз һум аксаң булғанса, йөз дусың булһын «Жүз сом ақшаң болғанша жүз досың болсын»; ақса-мал «мал-мүлік, байлық» (БТҺ I 42); қырғыз т. ақча (КРС I 40); ноғай т. ақша (НРС 34); қарақалпақ т. ақша (КкРС 33); қырым татар т. ақча (КТРС 325);

RkJQdWJsaXNoZXIy ODEzMg==