Каржы сауда лексикасы соңғы
134 ТҮРКІ ҚАРЖЫ-САУДА ЛЕКСИКАСЫ қарайым т. ахча : Ақ ахча қара күн үчүн (мақал) «Ақ ақша қара күн үшін керек» (КРПС 86). Қарашай-балқар тілінде метатеза құбылысы негізінде өзгерген ачха (РКБС 136) формасы қолданылады. Өзбек т. оқча (арх.) (УРС 330); ұйғыр т. ахча (YUTS 5) Алтай т . акча: акча-манат (АлтРС 50); тува т. акша (ТувРС 50); хакас т. ахча (ХРС 36); хакас мақалы: Хызыл түлгү ахчаа турчаң, хыс кізі халыңа турчаң «Қызыл түлкі ақша үшін жаратылса, қыз бала қалың үшін жаратылған». Чуваш т. укса: укса-теңке (Федотов II 1996: 273). Әзербайжан т. ағжа «күміс тиын түріндегі келін көйлегіне тағылатын әшекей» (АзРС 5); түрікмен т. диал. ақжа «ақша» (Күренов I 1959: 236). Түрік т. (архаизм) akçe: Bir akçe ile dokuz kubbeli hamam yapılmaz «Бір-ақ күміс тиынмен тоғыз күмбезді монша салынбайды» (ТурРС 36); Түрік тілінде «ақша» мағынасында пара сөзі белсенді қолданылады: Para peşin, kırmızı meşin «Ақша қолға (қолма-қол), қызыл былғарыға (әмиянға). Peşin para, zevkini ara «Ақшаны қолма-қол төле де, рақаттанып жүре бер». Para parayı çeker «Ақша ақшаны тартады». Parasız kasa, karısız haneye benzer «Ақшасыз үй, қатынсыз үйдей». Beş paran varsa, beş düğüm vurmak gereklidir «Бес тиының болса, соның өзін бес жерден түйіп сақта». Түбі түркі ақша сөзінің түбірі «ағы» екені тұжырымдалады. Мәселен, Рамстедт ақша сөзінің түбірі «қазына» мағынасындағы көне ағы сөзі деп табады. Бұл пікірді Туна да қолдайды. Дерфер болса, ағы сөзінің «қымбат мата, жібек» мағынасына қарағанда оның ақша мәніне ие болуы екі талай деп бұл этимологияға қарсы шығады (ЭСТЯ I 121). Ағы ұғымы көне түркі жазба ескерткіштерінде «қымбат, бағалы дүние, асыл тастар; алтын әшекейлі бұйым; қымбат мата, таза жібек» мағыналарында қолданылған. Мысалы, ағы сөзі ең алғаш Орхон жәдігері Күлтегін ескерткішінде қолданылған:
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy ODEzMg==