Каржы сауда лексикасы соңғы
135 ТҮРКІ ҚАРЖЫ-САУДА ЛЕКСИКАСЫ Табғач будун сабы сучиғ ағысы йымшақ ермиш. Сучиғ сабын йымшақ ағын арып ырақ бодунуғ анча йағутыр ермиш «Қытай халқының сөзі тәтті, жібегі жұмсақ екен. Тәтті сөзімен, жұмсақ жібегімен алдап-арбап, жырақтағы елдерді сонша жақындатады екен» (Tekin 1998: 36). Мұнда қымбат жібек матасы ағы деп жазылған, осы ағы сөзі ақшаның түбірі, ал «-ча» кішірейту мәнін үстейтін жұрнақ болса керек деп ғалымдар айтады. Бұл тұжырымды алғаш Рамстедт ұсынып, ол бірнеше ғалымдар тарапынан қолдау табады. Этимологиялық сөздік авторлары жалпы қабылданған талдау бойынша «ақшыл, ақшылдау (беловатый)» мәнінен ауысқан деп айтады (Татаринцев I 2000: 84; Егоров 1964: 270). ЭСТЯ авторлары кейбір ғалымдардың тұжырымдарын ескере отырып ақ сөзі ертеде күмісті білдіруі мүмкін дегенді алға тартып, әзербайжан тіліндегі ағ пул «күміс ақша» мысалын келтіреді (ЭСТЯ I 120). Сонда бұл этимология бойынша ақша дегеніміз сөзбе-сөз «күмістей, ақ түсіне жақын, ақ сияқты» дегенді білдіреді. Сондықтан көнедегі күміс ақша немесе күміс тиынның түсіне ұқсатып «ақша» термині пайда болған, яғни ақша деп о баста күміс монетаға ғана айтылған деп есептейміз. Мұның тағы бір дәлелі Анадолы түрік мұралары мен түрік диалектілерінде акче сөзі «күміс тиын ақша» мағынасында қолданылады. Қазіргі жалпы ақша деген мағынасы сол күміс тиыннан ауысқан болса керек. Қорыта келгенде, ақша мағынасында қазақ тілінде біраз сөз бар. Бірақ олардың бұрын басқа мағынасы болған. Мысалы тиын – «тиін терісі», пұл – «мата», теңге – «күміс монета», сом – «алтын» сөздері осындай мағынада қолданылып, кейін ақша (деньги) мағынасына ауысқан. Ақша сөзі де осылай басында ақ немесе күміс тиынға қарата айтылып, ол тиынның қолданысы кеңейіп сосын жалпы ақшаны білдіре бастады. Ақы-пұл «қаражат, ақша» (ҚТТС 35). «Қаражат, ақша» мағынасындағы ақы-пұл қос сөзі араб тілін дегі араб тіліндегі хаққ «құқық, ерік; әділет, ақиқат» сөзі (қазақ тілінде «еңбекақы, үлес, сыбаға, төлем» мағынасына да ие болған
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy ODEzMg==