Каржы сауда лексикасы соңғы

136 ТҮРКІ ҚАРЖЫ-САУДА ЛЕКСИКАСЫ «ақы» тұлғасында) мен парсыша пұл «ақша; мата, кездеме» сөздері­ нің қосындысынан жасалған. Ақы және пұл сөздерінің қолданысы туралы бұл сөздер туралы тараушаларда айтылған. Шақа «металл ақша, ұсақ тиын, қара бақыр» (ҚӘТС XV 206). Шақа сөзінің әдеби тілде белсенді жұмсалмай көбіне көркем шығармалар мен ауыз әдебиеті үлгілерінде айтылатыны аңғарылады: Қалтасынан шақа шығарып, беріп құтылды (Ш. Мұртаза, Қара маржан). Алшылы-шік болғанның жолы болса / Біз мойынды бұрмаймыз шақасына . Қысқа күнде қырық құран соқса дағы / Үлкендер тұра ма екен батасына (Шәкәрім). Шақаның «бақыр ақша, ұсақ тиын» мағынасындағы сөз екенін келесі мақалдан да аңғарамыз: Пісте қабығы шөңге болмайды / Сары шақа теңге болмайды. Бұл сөз қазақ говорларында да жұмсалатыны аян: Шақа «бақыр ақша»: Жаңа ақша келгелі қалтамыз шақаға толды ғой (Қ.орда, Қарм.). Балам, менің шақамды алып келші (Шымк., Түркіс). Дүкендегі кітаптың шақасы қанша екен. Шайдың шақасын төлеңіз (Шымк., Түлк.) (ҚТАС 726). Шақа сөзін «балапан» мағынасындағы шаға сөзімен төркіндес деп ойлап, оның сөзінің тарихы жөнінде Ә. Қайдардың тұжырымын беру орынды: «Қазақ тіліндегі бала-шаға деген қос сөздің тұтас алғандағы мағынасы бәрімізге де белгілі. Бірақ оның екінші сыңары әдеби тілімізге дербес қолданылмайды. Көптеген түркі тілдерінен де (өзбекше – бола-чака; ұйғырша – бала-чақа, бала-жақа, қырғызша – бала-чақа, бала-чаға; башқұртша – бала-саға, т. т.) дәл осы жағдайды көреміз. Қос сөздерді зерттеуші тюркологтар аталған сөздің (бала- шаға) екінші сыңары болып тұрған «шаға»-ның о баста тіліміздегі бала деген сөзбенен мәндес сөз болғандығын және оның азербайжан, түрікпен тілдерінде күні бүгінге дейін бұрынғы номинативтік мағынасын (ең негізгі мағынасын) сақтап келе жатқандығын көрсеткен еді. Шаға сөзінің этимологиясы туралы айтылған бұл пікірді кейбір тарихи деректерге сүйене отырып (мағынасы және

RkJQdWJsaXNoZXIy ODEzMg==