Каржы сауда лексикасы соңғы
137 ТҮРКІ ҚАРЖЫ-САУДА ЛЕКСИКАСЫ тұлғасы жағынан түрлі өзгерістерге ұшырап келгендігін анықтау негізінде) әлі де болса толықтыра түсуге болатын сияқты. Мәселен, Рабғузидың «Тарихи әнбия» (XIV ғасырда Н. И.Ильминский баспаға даярлаған) атты кітабының 393-бетінде «Ханә бір күні бір қарғаны көрді – чағаларіға йім бірүр» (Ханша бір күні балапандарына жем беріп жатқан қарғаны көрді) деген сөйлем бар. Осыған сүйене отырып шаға (чаға) сөзі ертеде (XIV ғасырларда) «бала, нәресте, бөбек» деген атаулармен мәндес болған деп толшылауға болатындай. Оның бер жағында тіліміздегі қызыл шақа балапан деген тіркестің кұрамындағы шақа сөзінің балапан деген атаумен қайсыбір плеоназмдық тіркестерге ұқсас болып (мәселен, самал жел, жас ұлан, телегей теңіз деген сөздерге) қатар айтылуының шақа мен балапан деген атаулардың өзара мәндес сөз екендігін айқындай түсетін тәрізді. Шаға сөзін тұлға жағынан қарастырып көрсек, оның түркі тілдерінде бірнеше вариантының бар екендігін байқаймыз. Олар мыналар: шаға – шақа – жаңа – саға, – сақа – чақа – чаға, т. б. Бұл жердегі ш-ж, с-ч және ғ-қ дауыссыз дыбыстардың бірінің екіншісімен алмасып айтыла беру заңдылығы – көпшілікке бұрыннан таныс жай. Сондықтан оны бұл арада кейінен сөз етіп жатудың кажеті жоқ сияқты. Шаға сөзі бірсыпыра тілдерде туынды түбір ретінде де айтылады. Мысалы, тәжік тілдерінде чақалок , ал ұйғыр тілінің қашқар диалектісінде чақаләк деген сөз бар. Осымен қатар, Қазақстанның оңтүстік аудандарында да шақалақ (мағынасы – жас бала, нәресте) сөзінің ұшырайтындығын байқаймыз. Әрине, бұлар өзара түбірлес сөздер болып саналады. Сонда олардың түбірі шақа – чақа дегендер де, лақ (лек) түркі тілдеріндегі кішірейткіш жұрнақтың көне түрі (мысалы: қазақша – тай+ лақ, ұйғырша бота + лақ)» (Қайдар І 2014: 224). Шақа сөзі қолданысқа қайта кіріп жатқаны байқалады, көнерген сөз «Жаңа атаулар мен қолданыстар» кітабына енді: « Шақа – монета. Чемпионат құрметіне шығарылған шақа. Ша қаның екінші жағының ортасында ойын кезіндегі екі футболист бейнеленген («Алаш айнасы», 27 қаңтар 2010 жыл); Айтыс шақаға шықты («Алаш айнасы», 19 қазан 2011 жыл); Шақаға сурет салу, жеке қолтаңба соғудың өзі – бірін-бірі қайталамайтын ғажайып өнер («Алаш айнасы», 6 наурыз 2012 жыл) (Құрманбайұлы 2023:).
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy ODEzMg==