Каржы сауда лексикасы соңғы

138 ТҮРКІ ҚАРЖЫ-САУДА ЛЕКСИКАСЫ Қырғыз тілінде чака сөзі қазақ тіліндегідей мағынаға ие: Чака «ұсақ бақыр ақша»: чака бул/кызыл чака «ұсақ тиын ақша»; жети чака карзым жоқ (фраз.) «жеті тиын қарызым да жоқ»; кара чака «қара шақа, көк тиын» (КРС II 337). Шақа сөзінің «ұсақ тиын» деген мағынасы «жүні жетілмеген балапан, төл, жаңа туған, нәресте» дегенді білдіретін шақа ( қызыл шақа «жап-жас, әлі өсіп жетілмеген, нәресте»; шақалақ «нәресте») және бала-шаға қос сөзіндегі «бала» мәніндегі шаға тұлғасымен байланысты болса керек. Қазіргі түркі тілдерінің ішінде түрікмен мен әзербайжан тілдерінде осы мағыналарында ғана айтылады, мысалы: түрікмен т. чаға «бала»; чаға-чуға «бала-шаға»; Бидөвлетиң чағасы асмандаки айы диләр (мақал) «Байдың ерке баласы аспандағы айды сұрайды» (ТРС 715); әзербайжан т. чаға «бөпе, нәресте, шақалақ» (АзРС 337). Бұл сөз ортағасыр жазба жәдігерлерінде «балапан, бөпе, жаңа туған» мағыналарында ғана қолданылған, мәселен: Мәмлүк қыпшақ мұрасы Китабүл идракта чаға «жүні жетілмеген құс балапаны; жаңа туған төл» (Kİ.43). Шағатайша Османша сөздігінде чақа «нәресте; төл, балапан» (ŞS). Анадолы түрік жазба ескерткіштерінде чаға «жаңа туған төл» (TS II 786). Өзбек тілінде чақалоқ «нәресте» (УТИЛ II 359) деген туынды нұсқасындай айтылады. Оғыз тілдерінде жеке сөз болып жұмсалады: Түрік т. çağa (диал.) «бала, нәресте, бөпе» (ТурРС 163; DS III 1033); түрікмен т. чаға «бала»; чаға-чуға «бала-шаға»; Бидөвлетиң чағасы асмандаки айы диләр (мақал) «Байдың ерке баласы аспандағы айды сұрар» (ТРС 715); әзербайжан т. чаға «бөпе, нәресте, шақалақ» (АзРС 337). Моңғол т. чақа ; халқа т. цах «нәресте» (ЭСМЯ I 133). Басқа тілдерде тек бала-шаға қос сөзінде ғана жұмсалады: ұйғыр т. чақа : бала-чақа (YUTS 68); қырғыз т. чака : бaлa-чaкa (КРС II 337); қарақалпақ т. шақа: қызыл шақа «шақалақ»; шаға: бaлa-шaғa (KкРС 82); ноғай т. шаға : бaлa-шaғa (НРС 401); татар т. чаға: бала-чаға (ТатРС 1045); башқұрт т. саға : бaлa-сaғa (BTS 60); қарайым т. чаға: бала-чаға (KРПС 100).

RkJQdWJsaXNoZXIy ODEzMg==