Каржы сауда лексикасы соңғы
139 ТҮРКІ ҚАРЖЫ-САУДА ЛЕКСИКАСЫ Тиын «майда металл ақша; Қазақстанның ұсақ ақша өлшемі. Ұлттық валюта – теңгенің жүзден бір бөлігіне тең; ақша, қаржы, қаражат». Қазақ тілінде тиын «ақша, ұсақ ақша, қаражат» деген ауыспалы мағынасында да жұмсалады, мәселен: Тиынның татын жалады «түкке тұрмас нәрсені пайда көрді, сараңдыққа салынды». Тиындау «Тиыннан ақша құрау, тиынға айналдыру. Тиынды «Тиын боларлық, тиынға тұрарлық». Тиынсыз «Тиыны жоқ, ақшасыз, қаражатсыз. Тиын-тебен «Азын-аулақ ақша, болмашы қаражат. Тиыншыл «Ақшақұмар, пайдақұмар (ҚТТС 803). Тыйын-жыбыр «ұсақ ақша, тиын-тебен» (ҚТАС 688). Қара тыйын «қара бақыр, жез ақша» (ҚТАС 392). Көк тиын: Көк тиыным да жоқ «Бір тиыным да жоқ». Тиын бар ма? «Ақша бар ма?». Тиын табу керек «Ақша табу керек». Теңге тиыннан өсер (ҚТҚЭС 185) Теңге тиыннан, ынтымақ ұйымнан. Теңге тиыннан, тұлпар құлыннан. Дауыл құйыннан, ақша тиыннан. Қалтасында тиын жоқ, түйенің тісін санайды (Кейкін 2002: 256). Қайырсыз мың тиын, Қайырлы бір тиын (БС 66 194). Абайда да тиынның сол «ақша» мәні көрінеді: Құрбыңның қызық дегенін / Сөз екен деп ап шықпа. Адалдан тапқан тиынды / Сал да сақта қапшыққа (Абай). Әрине тіліміздегі «монета ақша» семантикасы да өлеңдерде табылады: Ұялғаннан тастаған бір мыс тиын / Аш кедейге ол-дағы қымбат бұйым Көп қайыршыбір-бірін кимелейді / Бір тиынға таласып үймелейді (Абай). Шәкәрімнің өлеңінде де соңғы семасында жұмсалады: Жоқтық, барлық, жоғалмақ – араласы / Yш ерiксiз болады мағынасы. Нажағайдай жарқ етiп өшпек болса / Өмiрдiң он тиындық жок бағасы (Шәкәрім).
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy ODEzMg==