Каржы сауда лексикасы соңғы
140 ТҮРКІ ҚАРЖЫ-САУДА ЛЕКСИКАСЫ Тиынға ұқсайтын тиін деген де бар, екеуі ұқсас сөздер болса да, мағына жағынан бір-біріне қарама-қарсы айтылады, дегенмен тиын мен тиін негізі екеуі бір сөз. Бұрын тек тиін сөзі ғана болған. Ал тиын валюталық термині соған ұқсатып кейін пайда болған. Басында тиін терісін көне түркілер ақша құралы ретінде пайдаланған. Орхон өзені аймағында табылған Білге қаған ескерткішінде Көк тейеңин түрүкмен бодунума қазғаны биртим «Көк тиінін түрігіме, халқыма алып бердім» деген сөйлем бар. Тиын сөзі Орхон ескерткіштерінен бастап, түркі жәдігерлерінде жұмсалған. Негізінен «тиін; тиін терісі; бұлғын; бұлғын терісі» мағынасында қолданылып, ортағасыр қыпшақ жазбаларында «тері» мәніне ауысқан: Орхон ескерткіштерінен Білге қаған жазбасында екі жерде кездеседі: Көк тейеңин түрүкмен бодунума қазғаны биртим … «Көк тиінін (қымбат тиін терісі болса керек) түрігіме, халқыма алып бердім» (BK K12) Бунча бодун сачиң қуулқақиң бычды едгү өзлик атиң қара кишин көк тейеним сансыз келүрүп кооп қоотты «Мұнша халық (жаназада жоқтап) шашын, құлағын кесті. Асыл тұқымды атын, қара бұлғынын, көк тиынын (бұлардың терісі) сансыз қылып әкеліп сыйға тартты» (BK G12) (Tekin 1998: 60). Ескерткіштегі көк тейен (салыстырыңыз көк бөрі дегенде де көк түсінің «боз» мағынасы бар) тіркесі көк түсі емес «сұр, боз» (Clauson 1972: 569a) мағынасында. Ал тейен сөзі аңның өзі емес оның терісі (Clauson 1972: 708b) деп ойлаймыз. Өйткені көне түркі руна жазбаларындағы деректермен бірге қытай және араб деректерінде тиін тоны, терісі туралы айтылады. Қытай деректерінде жазылғандай көне түркілер сауда құралы ретінде жібек, жылқы, бұлғын және тиін терілері, ішіктерін пайдаланған. Түркілердің мекен еткен жерлерінде саяхаттаған араб географтары бұл деректерді береді. Мәселен, Худуд әл-әлем атты жазбада Ыстықкөл аймағындағы тайпаларда тиін мен бұлғын терілері бар болғаны анықталған (Şeşen 1998: 58; Aydın 2006: 350). Жоғарыда көне тейен сөзі «суыр» мағынасындағы сөз де болуы мүмкін. Неге десек, моңғолдар «дала суырын» тарбаған (ЭСМЯ III
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy ODEzMg==