Каржы сауда лексикасы соңғы
141 ТҮРКІ ҚАРЖЫ-САУДА ЛЕКСИКАСЫ 154) дейді. Ал тарбағаннын терісі осы күнге дейін ең бағалы тері ретінде пайдаланылады. Қарахан жазба жәдігерлерінен Құтты білікте бұл сөз тийиң тұлғасында келеді. Төмендегі жолдардан тиін (бұлғын ішік) тон мағынасында айтылған: Ажун тезгинүр илде арқыш йорып, Ағы чуз тийиң киш алып сен тирип «Керуендер ел-жер кезіп, әлемді шарлар, сен жібек мата, бұлғын, тиін тондар жинарсың» (KB 5367) (Arat 1979: 534). Келесі өлең жолдарында тийиң киш (бұлғын) қос сөз болып жазылған: Йашық йазды болғай өрүглүг сачы Тийиң киш өнги тутты дүния ичи «Өрілген шашың жайылғанда, күллі әлем тиін, бұлғын түсіне ауысты» (KB 5825) (Arat 1979: 577). Диуани лұғатит түркте тегин тұлғасында және оның «бұлғын» мағынасында берілген: тегин «бұлғын» (Atalay 1986: 370). Тарихи қыпшақ ескерткіші Кодекс Куманикуста тейин «тиін» (Gronbech 1992: 185). Мәмлүк қыпшақ мұрасы Китабу межму тержуманиде тейін «тиін» (Құрысжанов 1970: 198); Әл идрақ хашиесінде тейин «тері» (İzbudak 1936: 46) Анадолы түрік жәдігерлерінде тейин/тейүн/тийин «тиін» (TS). Қазіргі түркі тілдерінің кейбірінде, әсіресе қыпшақ тілдерінде «тиін, тиін терісі» мағынасынан ауысқан «тиын, ұсақ ақша» (Eren 1999: 107) мәніне де ие болып қолданылады: Қырғыз т. тыйын «тиын; ақша; жиырма тиын»: жез тыйын «жез ақша»; Тыйын тыйндын иши қыйын «Тиын тиынның ісі қиын»; тыйынын бар бы? «ақшаң бар ма?»; тыйын-тенге «ақша»; Кокон тиын «тарихи кезеңдегі жиырма тиын бағасындағы күміс тиын»; тыйын «тиін» (КРС II 290); татар т. тиен «тиын; ақша»: ақтық тиен «соңғы, ақтық тиын»; бертиентормаслык «бір тиынға да тұрмайды»; Тиен булмаса сум булмый «Тиын болмаса, сом болмайды»; Бер тиен җитмәсә сум булмый «Бір тиын жетпесе сом болмас»; тиен «тиін (белка), тиін терісі»: Тисә тиенгә, тимәсә ботакка «Тисе тиінге, тимесе бұтаққа 17 » (мәтел) (ТатРС 891); башқұрт т. тин «тиын, ақша, ұсақ ақша»: Ике тин бер ақча «Екі тиын бір ақша» (БТҺ II 356); 17 Біздегі Тисе терекке, тимесе бұтаққа.
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy ODEzMg==