Каржы сауда лексикасы соңғы

142 ТҮРКІ ҚАРЖЫ-САУДА ЛЕКСИКАСЫ тейен «тиін» (БТҺ II 335); қарақалпақ т. тыйын «1. тиын; бақыр, мыс ақша; 2. тиін»: Бир тыйыным жоқ «Бір тиыным да жоқ»; Соқыр тыйынға да кереги жоқ «Соқыр тиынға да татымайды» (КкРС 667). Ұйғыр т. тийин «тиын; тиін» (YUTS 415); өзбек т. тийин «тиын; тиін» (УРС 453). Басқа тілдерде тек «тиін (белка)» мағынасында ғана жұмсалады: Қарашай-балқар т. тыйын «тиін; тері» (РКБС 39); қарайым т. диин «тиін» (КРПС 177). Түрік т. диал. deyin/teyin «тиін» (DS IV 1446). Алтай т. тийиң «тиін» (АлтРС 675); шор т. тииң «сол мағ.» (ШРС 76); хакас т. тиин «тиін, тиін терісі» (ХРС 224); Якут т. тиин «тиін» (ЯРС 383). Қарлұқ және қыпшақ тілдерінде екі мағынада жұмсалатын тиын сөзі фонетикалық вариант құрамай бірдей формада жұмсалатыны назар аудартады. Ал қазақ тілінде екі сөзді шатастырмау үшін тиін деген фонетикалық нұсқасы кейінірек жасалған секілді боп көрінеді. Мұндай құбылыс башқұрт тілінде де бар: тиин «тиын»; тейен «тиін». Жоғарыда келтірген тілдік деректерден бөлек «тиін (аң)» мағынасында түркі тілдерінде өзге де сөздер қолданылады, мысалы: Қырғыз т. тыйын чычкан «тиін» (КРС II 290); қарашай-балқар т. ағач қоян «тиін» (РКБС 39); қырым татар т. сансар «тиін» (КТРС 14). Хакас тілінің сағай диалектінде пабырған «белка-летяга» (ХРС 139); табырған «сол мағ.» (ХРС 212); сахыл «тиін» (HTS 188), сарбах «сол мағ.» (ХРС 182); алтай т. бабырган «белка-летяга» (АлтРС 97); чырбык «тиін» (АлтРС 863); шор т. саққыл/шарбақ «тиін»; пабырған «ұшқыш тиін» (ШРС 76); оғыз тілдерінде синжап «тиін» (парсы), өзбек т. олмахон «тиін», түрікмен т. дәле «сол мағ.» (ЭСТЯ III 180). Моңғол т. керемү ; халка т. хэрэм , бурят т. хэрмэн , қалмақ т. кермн , дагай т. кэрэм «тиін» (ЭСМЯ II 119). Қытай деректерінде де жазылғандай, көне түркілер сауда құралы ретінде жібек, жылқы, бұлғын және тиін терілерін пайдаланған. Осылайша тиін атауы «ақша, тиын» деген жалпы мағынасына кейінірек ауысқан. Тиін (тиын) сөзі түркі тілдерінде «терісі бағалы орман аңы, тиін» мәнінде кең таралған болса да, кей тілдерде «ұсақ металл ақша» дегенді білдіреді. Бұл ақша орнына аң терісі жүретін экономикалық

RkJQdWJsaXNoZXIy ODEzMg==