Каржы сауда лексикасы соңғы
143 ТҮРКІ ҚАРЖЫ-САУДА ЛЕКСИКАСЫ тұрмыспен байланысты деп ойлаймыз. Яғни «ақшаның тиын аталуы тиін аңының терісі бұрын ақша орнына жүргендігінен пайда болуы керек» (ҚЭС 185). Жануар терісінің ақша мәніне ауысуы басқа тілдер де байқалады, мәселен, ежелгі орыс тілінде ақша атауларының кейбірі жануар атауымен байланысты екендігі көрінеді. Көне орыс және славян тілдеріндегі куна ақша бірлігінің куница деген жануардың терісімен байланысты екендігін жоққа шығармаймыз. Хорватияның ұлттық валютасы куна да осыдан шыққан. Тіпті біз ауызекі тілде доллар мағынасында айтатын бакс сөзі ағылшын тіліндегі buckskin «бұғы терісі» дегеннен келді. Сайып келгенде, қазіргі тиын сөзі тиін аңымен тікелей байланысты екендігінде күмән жоқ. Бұрынғы заманда тиін жануарының терісі ақша орнына қолданыла келіп, артынан «ақша, монета» деген жалпы мағынаға ауысқан. Тілдегі қалыптасқан мағынасынан кейін «ең кіші валюталық бірлік» деген терминдік мағынасы жасалған. «Тиін және оның бағалы терісі» мағынасындағы тиін сөзі түркі тілдерінде де «тиын, ақша» мағыналарына ауысқан. Ол ауысу да тиын терісінің өте ерте кезеңдерден «сауда құралы, ақша орнына жұмсалған бағалы тері» ретінде қолдануымен байланысты. Тиын сөзінің түркі тілдерінен орыс тіліне де кіргенін көреміз, мәселен, Ұ.Алжанбаева орыс тілінде тиын сөзі біріккен сөздерде сақталғанын алға тартады: «Қазіргі орыс тілінде тиын сөзі жеке қолданылмаса да басқа сөз бен тіркесіп айтылады. Мысалы, алтын сөзі: «В старину 3 копейки, а также монета в три копейки. Цена пять алтын. Пять медных алтынов». Орыс тілінде бұл сөзді ескі түркизмге жатқызады. Қазіргі орыс лингвистері бұл сөздің төркіні татардың алтын «золото», яғни бағалы металл деген сөзі дейді. Алайда нумизматтар орыс тілінде бұл сөз пайда болған кезде орыстарда да, Алтын Ордада да алтын ақша болған емес дегенді айтады. Нумизматтардың айтуынша, орыстың алтынь сөзі еш уақытта «алтын ақша» болған емес, сол себепті түркінің алтын, алтун сөзі бұл сөздің негізі бола алмайды. Белгілі орыс тарихшысы В. Татищев бұл сөзге өзінің «Лексикон российский, исторический, географический, политическийи гражданский» атты еңбегінде көңілге қонымды этимология ұсынады. Ол алтын сөзінің
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy ODEzMg==