Каржы сауда лексикасы соңғы

95 ТҮРКІ ҚАРЖЫ-САУДА ЛЕКСИКАСЫ Бақыр «тиын, ұсақ ақша, мыс тиын». Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде бақыр сөзіне «мыс; мыстан жасалған ұсақ тиын; мыстан жасалған шелек; тамақ дайындауга арналған, түбі шұңғылдау, қысқа сапты ыдыс» (ҚТТС 103) деген анықтама берілген. Аймақтық сөздікте болса ол сөз жергілікті ерекшелік деп тіркеліп, әр өңірден бес түрлі мағынасын келтірген: Бақыр 1. «шелек»; 2. «қаңылтыр»; 3. «бақыраш, үлкеножау»; 4. «үлкен қазан»; 5. «ұсақ тиын» (ҚТАС 122). Бақыр – біріншіден «мыс, жез» мағынасында қолданылған көне түркі сөзі. Бақыр сөзінің жеке қолданылуынан гөрі бұйым атауларының құрамында қолданылуы жиірек болғанын байқаймыз. Мәселен, бақыр сөзінің туынды формасы бақыраш «металдан жасалған шөміш, ожау», бақыр «шелек» түбір сөзіне кішірейту мәнін үстейтін «-аш» жұрнағы жалғанып жасалған. Сонымен қатар, бақыршы «далалы жерде ас әзірлейтін адам; аспаз» туынды тұлғасы тілде историзм деп тіркелген. Тіпті бұрынғы кездерде металдан ұсақ-түйек жасауды кәсіп еткен адамды «бақыршы» деп атапты. Бақырдың кең таралған мағынасы «мыс тиын» екендігі белгілі. Бақыр сөзінің «тиын, бақыр ақша» мағынасында көне замандардан бері қолданылыпкележатқантөлсөз екенінқазақмақал-мәтелдерінен де аңғарамыз: Бармаған жерде бақыр бар. Бар – бақыр, жоқ – алтын. Білікті кісі – баға жетпес алтын, біліксіз кісі – бес тиын бақыр. Алтын басты әйелден / Бақыр басты еркек артық. Пәлен жерде алтын бар / Іздеп барсаң бақыр да жоқ. Ақыл болса, бақыр табылар. Бақыр іздеген тақыр табады. Ақылды бақырды да бағалайды / Ақымақ алтынды да қаралайды. Абайдың Әзім әңгімесі шығармасында бақыр сөзі «мыс тиын» мағынасында кездеседі: Апар да мыс бақырды алдына сал / Алтын болса, болады бірталай мал. Жалғызым, не қылсаң да сақ болып жүр / Жәдігөй боп жүрмесін антұрған шал... Мыс бақырын қолына алды-дағы / Лапкеге күндегіден ерте барды (Әзім әңгімесі).

RkJQdWJsaXNoZXIy ODEzMg==