Каржы сауда лексикасы соңғы
94 ТҮРКІ ҚАРЖЫ-САУДА ЛЕКСИКАСЫ Зер белбеу «алтын белбеу; алтынды белбеу»; зер жіп «алтын сымы; алтынның жіңішке талшығы; зер шашақ «алтынды шашақ»; зер белбеу «алтынды белбеу»; зер қазына «алтын қоры». Ер белгісі ‒ құнында, Зер белгісі ‒ пұлында; Зер қадірін зергер білер (мақал) (ҚӘТС VII 132). Осы түбірден өрбіген зергер сөзі де қолданылады: Зергер «Алтыннан сәндік бұйымдар мен әшекейлі заттарды зерлеп, айшықтап жасаушы ұста». Зергер барсаң қасында Алтыннан соққан түйме бар, Түймені көр де басым көр (Ер Тарғын). Зер сөзінің түркі тілдеріне парсы тілінен кіргені айтылады (Оңдасынов 1974: 154). Парсы тілінен енген сөз ортағасыр жазба мұраларынан ең алғаш Мәмлүк қыпшақ ескерткіші Гүлистан аудармасында кездеседі: зер «алтын» (KıpTS 337). Қазіргі түркі тілдерінде сібір тілдерінен басқаларының барлығында қолданылады және көбіне «Зер қадірін зергер білер» мақалы боп айтылады: Қырғыз т. зер (көбіне ауыз әдебиеті шығармаларында) «алтын»: мен ырдабайм кызыл алтын зер үчүн «мен жырламаймын қызыл алтын, зер үшін» (КРС I 290); қарақалпақ т. зер «алтын»: Зер қәдирин зергер биледи (КкРС 283); татар т. зәр (арх.) «алтын; қымбат әшекейлер»: Зәр кадірін зәркән білер «Зер қадірін зергер білер»; зир (кіт.) «алтын» (ТатРС 248); башқұрт т. зәр (арх.) «алтын»: Зәр кәзірін зәргәр білер (БТҺ I 360); құмық т. зер (арх.) «алтын»; зерли (арх.) «золототкáный» (КумРС 125). Ұйғыр т. зер «алтын» (YUTS 476); өзбек т. зар «алтын; ақша, байлық»: Зар қадрини заргар биляди «Зер қадірін зергер білер»; Қари бор уйниң зари бар «Пайдасы бар үйдің қазынасы бар»; Тер тукиб, мехнат қилсаң ердан хатто зар унар «Тер төгіп, михнат еткен жерден ат басындай алтын өнер» (УТИЛ I 299; УРС 164). Әзербайжан т. зәр «алтын; алтын жалатпасы»: зәр вурмағ «алтын жалату» (АзРС138); түрікмен т. зер «алтын, алтынды»: Зер ғадырыны зергәр билер (ТРС 337); Әр ғадырына ер билер, зер ғардыны зергәр «Ер (тоқым) қадірін ер білер, зер қадірін зергер білер» (мақал); түрік т. zer «алтын; тиын; сары; ақ-сары адам» (ТурРС 945).
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy ODEzMg==