Каржы сауда лексикасы соңғы

93 ТҮРКІ ҚАРЖЫ-САУДА ЛЕКСИКАСЫ (ҚӘТС V 110). Қырғыз тілінің сөздігінде де Юдахин иранизм деп көрсеткен (КРС I 194). Оңдасынов та Ділдә есімін парсы тіліндегі тила «алтын» сөзімен байланыстырған. Бірақ бұл сөздің алғашқы мағынасы араб тілінде طلاء тилаа «күмісті жалатуға арналған сұйық алтын» болған. Өзбек тілінде де тилла сөзі бастапқы мағынасына жақын, мысалы: тилла тиш «алтын жалатылған тіс»; тилла суви «алтын бояу» (УТИЛ II 177). Түркі тілдерінің біразында «алтын жалатылған күміс тиын» деген мағынада қолданылып, кейін келе «алтын ақша» немесе «алтын» деген мағынаға ауысқан. Қарақалпақ т. тилла (арх.) «алтын; алтын ақша»; тиллайы «алтын тиын» (КкРС 641); қырғыз т. дилде (ист.) «бес сом құнындағы алтын ақша; алтын»: сары дилде ак күмүш «сары алтын, ақ күміс» (КРС I 194). Ұйғыр т. тилла «алтын ақша» (YUTS 412); түрікмен т. тылла «алтын»: тылла йүзүк «алтын сақина»; тылла пул «алтын ақша»; тылла ағтарыжылар «алтын іздеушілер»; Тылла «қыз есімі» (ТРС 652). Ділдә атауы қазақ тілінде төбесінен ділдә құйды «үлде мен бүлдеге орап, баптап күтті» деген тұрақты тіркес күйінде айтылады. «Көп ақша» мағынасында мың ділда немесе мың ділдалық деген тіркес түрінде де қолданылады: Кеше Шөже, Орынбай / Жанақ, Біржан, Наурызбай – Бір сөзі мың ділдалық / Алты алашқа атақты / Бәрі ақын, сері еді (Мағжан). Мың ділдә бардың қалтасында, жоқтың аузында 12 (мақал). Ділдә сөзінің қазақ тілінде ертерек кезеңдерден бері қолданылып жүргенін Абай мен Шәкәрім өлеңдерінде кездесетінінен аңғарамыз: Сен мына бір ішінде / Ділдәсі бар дорбаны ал! Бірін алсаң, және бір / Ділдә дайын, қолың сал (Абай). Ел жалынды ата мен анасына / «Көп мал ал» деп баланың бағасына». Жүз мың дiлдә алды да, кедей сатты / «Шыдадым» деп баланың қазасына» (Шәкәрім). Зер «әшекей, сән бұйымдарын жасауға пайдаланатын әдемі, сары түстес қымбат металл, алтын, тіллә; алтын талшықтарынан тоқылған қымбат кесте, оқа»: 12 Мал арыстанның аузында, түрікпеннің түбінде.

RkJQdWJsaXNoZXIy ODEzMg==